Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3799 6 пікір 11 Мамыр, 2020 сағат 13:35

Төтенше жағдай аяқталды. Карантин сақталады

Ел аумағында 11 мамыр 00 сағат 00 минуттан бастап Төтенше жағдай режимі аяқталады. ТЖ режимі елдегі қытай вирусына байланысты 15 наурызда жарияланған болатын. Ал 29 сәуірде президент Тоқаев ТЖ режимін 11 мамырға дейін ұзарту туралы Жарлыққа қол қойды.

Бүгін ТЖ жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысына қатысқан президент Тоқаев мәлімдеме жасады. Төтенше жағдай режимі аяқталғанымен, карантин алынбайды.

«Бүгін бүкіл ел аумағындағы төтенше жағдай режимі аяқталды.Алайда, кейбір аймақтарда дерттің таралуы бәсеңдемей отыр. Індет толығымен жойылып кеткен жоқ. Пандемия халықтың денсаулығына әлі де қауіпті. Сондықтан карантиндік шектеулер әр өңірдегі жағдайдың жақсаруына қарай біртіндеп алынады», - деді Президент.

Сонымен, карантин қай қалаларда сақталады? Жауап – Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары, Атырау және Маңғыстау облыстары 11 мамырдан кейін де карантинде болады.

Маңғыстау облысында 3 сәуірден бастан карантин жарияланған. Кейін оны 30 сәуірге дейін, сосын 11 мамырға дейін ұзартқан. Облыстың Бас санитары Ерғали Садымановтың жаңа бұйрығымен карантин мерзімі 25 мамырға дейін тағы созылды. Бұл туралы бүгін белгілі болды.

«Coronavirus2020.kz» сайтының мәліметінше, 11 мамырдағы жағдай:

Індеттілер – 5138 адам,

Жазылып шыққандар – 1941 адам,

Қайтыс болғандар – 31 адам.

Аймақтар бойынша:

Алматы қаласы – 1593 адам,

Нұр-Сұлтан қаласы – 1074 адам,

Атырау облысы – 302 адам,

БҚО – 252 адам,

Шымкен қаласы – 233 адам,

Қызылорда облысы – 230 адам,

Қарағанды облысы – 196 адам,

Алматы облысы – 183 адам,

Түркістан облысы – 180 адам,

Жамбыл облысы – 179 адам,

Ақтөбе облысы – 174 адам,

Павлодар облысы – 154 адам,

Маңғыстау облыыс – 129 адам,

Ақмола облысы – 110 адам,

Қостанай облысы – 62 адам,

ШҚО – 51 адам,

СҚО – 36 адам.

Президент мәлімдемесінің толық нұсқасы: Мәлімдеме

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1479
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1337
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1086
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1128