Жұма, 29 Наурыз 2024
ШОЛУ 6322 12 пікір 11 Мамыр, 2020 сағат 11:56

Тоқаевтың «Төтенше жағдайы» һәм тағдыршешті тоғыз тарау

ӘЛҚИССА...

«... Мен үйге жүгіріп кірдім де асүйде түскі ас дайындап жүрген Анама:
- Мама, көрші Ата қайтыс болды, дедім. Мамам жұмысын тастай салып, үйден жүгіріп шыға жөнелді...
Аздан соң оралды. Менің жаныма келді де, құлағымнан тартып тұрып «ендігәрі бұндай жаман сөз айтқаныңды естімейтін болайын», деді.
Сүйтсек көрші Ата тірі. Бірақ, менің құлағыма беймәлім бір дауыс анық естілген еді.
Бірақ, келесі күні таңертең көрші Ата оянбады. Бұл менің ғайыптан білген ең алғашқы нәрсем екен, тоғыз жаста едім.
... 2020 жыл бүкіл Жер шары үшін қиын болады, мыңдаған адам өлімін көріп тұрмын...»

Бұл әңгімені мен 2019 жылдың көктемінде естідім. Ток шоуға келген астаналық бір Апайдың аузынан. Мән бергем жоқ, сенбеген едім...

ӘУЕЛ БАСТА...

Си Цзиньпин: распространение смертельно опасного коронавируса ...

2020 аса көңілді басталған жоқ, расында. Өртенген құрлық, құлаған ұшақ, бомбыланған қала, беймәлім вирус...

Ухань вирусы 2019 жылдың желтоқсанында басталды да әп-сәтте әлемге жайылды. 31 желтоқсан күні Қытай Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына коронавирус инфекциясының жаңа түрі шыққанын һәм жойқын жылдамдықпен таралып бара жатқанын хабарлады. ДДҰ дереу тексерді, сол заматта мойындады, ғаламға жар шашты, әлем ішін тартып үрпиісіп қалды.

Десек те, жайбарақат жүргендер да аз емес еді. Соның нәтижесінде Қытайдан шыққан індет көп ұзамай АҚШ, одан кейін Еуропа, кейінірек күллі әлемге жайылды. Арада бір ай өткенде Жер шарының көп бөлігі маска тағып, карантин жариялап, үйлеріне тығылды.

Әлемнің адам аяғы басылып көрмеген ең шулы, ең дулы нүктелерінің өзінде өлі тыныштық орнады.

Дүниежүзілік дүрлігіс бізге ақпанның соңында жетті. Қазақстан шекараларды бірден «тарс» жаппағанмен алыс-беріс пен барыс-келісті шектеп, күмән мен күдік туғызатын істерді тиып, елдің етек жеңін жинай бастады.

Президенттің тапсырмасына сәйкес, Үкімет нақты қимылға көшер кез де көп күттірген жоқ:

26 ақпан күні қазақ тарабы ауру өршіп кеткен екі елмен: Иран және Оңтүстік Кореямен әуе қатынасын доғарды.

29 ақпан күні Қазақстан Қытаймен әуе қатынасын тоқтатты және ҚХР азаматтарына виза беруді доғарды.

8 наурыз күні Қазақстан Қытай, Оңтүстік Корея, Иран елдерінің азаматтарын елге кіргізуден бас тартты.

11 наурыз күні Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы пандемия жариялады.

12 наурыздан бастап елдегі адам көп жиналатын шараларға тиым салынды. Оқушылар мерзімінен бұрын демалысқа кетті, сауда орталықтарындағы кинотеатрлар жабылды.

13 наурыз күні Қазақстанда вирус жұқтырған алғашқы науқас анықталды.

15 наурыз күні науқастар саны 8 адамға жетті. Күн жексенбі еді. Президент Қасым Жомарт Тоқаев «ел аумағына төтенше жағдай енгізу туралы» жарлыққа қол қойды.

16 наурыз күні Президент халыққа теледидар арқылы үндеу жариялады. Төтенше жағдай туралы, оның мерзімі мен жауапкершіліктері, Үкімет пен азаматтардың іс-қимылы жайлы егжей-тегжейлі баян етті.

СМИ: в Казахстане в закрытых на карантин домах установили щеколды ...

Сабырлы, салмақты түрмен әр сөзіне екпін беріп, қалт жібермей бағып отырған халықтың жүрегіне сенім ұялата сөйледі Президент:

«... Менің тапсырмам бойынша Үкімет қорынан дәрі-дәрмек, тест-жүйелерін және зертханаға жабдықтар алу үшін қаражат бөлінді. Ауруханаларда орын жеткілікті. Бұл шаралардың барлығы – азаматтардың денсаулығы үшін жасалып отырған қадамдар. Сақтанғанды Құдай сақтайды. Бұл індетпен күресуге толық мүмкіндігіміз бар екенін баса айтқым келеді!...»

Бұл Тоқаевтың қиын кезең алдында халықты қайрауы, жауапкершілік пен сенімге шақыруы, дүрбелең алдындағы дүрсілдеген жүректерді орнықтыруға жасаған қадамы еді.

Әйтсе де, көптің көңілі күпті еді. Сенгендер үрейден, сенбегендер наразылықтан дірілдеп елде жеңіл толқу жүрді. Дегенмен, нақты шешімдер мен қадамдар жасала бастағанда Ақыл жеңді.

Министр высказался о продлении карантина в Казахстане | Tengrinews.kz

17 наурыз күні Алматы мен Елордада карантин енгізілді.

«Карантин енгізіледі» деген хабар күні бұрын шықты. Екі күн ішінде Елорда мен Алматыдан мыңдаған жастар, студенттер елдеріне кетіп жатты. Мен ұқпадым, өйткені, дәл осы ауыл жаққа асығыс аттанысып бара жатқандар ел ішіне індет ала барардай көрінген еді.

Кейін бұл күдік расталды. Шымкент қаласында, Қызылорда облысында дәл осындай жағдайларда таралу ошақтары тіркелді.

Неге? Маған әлі жұмбақ...

16 наурыз күні түнде Ақтаудан келген мен енді алдағы екі айға жуық уақыт үйден шықпайтынымды сезбеген едім. Мен ғана емес, бүкіл ел бейхабар еді...

АЗАМАТ ЕРДІҢ БАЛАСЫ...

Тоқаев жаңа мораторий енгізді | Tengrinews.kz

Астана мен Алматының карантині бірден қыса жөнелген жоқ, дегенмен, екі қаланың халқы да жауапкершілікті жақсы-ақ ұқты. Оның үстіне, шетелдік ұшақтар көп қонатын әуежайлар да осы екі қалаға тиесілі еді. Вирустың басым бөлігі шетелден кеп жатқанын ескерген болса керек, астаналықтар да, алматылықтар да шектеулерге тез мойынсұнып, оқшауланудың озық үлгісін көрсетті.

Десек те, қос қаладағы мыңдаған бизнес нысандарының бір күнде жабылуы халықтың әлеуметтік жағдайына соққы еді.

Ел назарының Үкімет жаққа бұрылғаны осы сәт еді.

23 наурыз күні Тоқаев төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету комиссиясының отырысын өткізіп, халықтың әлеуметтік жағдайына бағытталған нақты шаралар туралы айтты.

«... Төтенше жағдай кезінде әлеуметтің аз қамтылғанын бөлігін, яғни, жағдайы құба төбел жұртты мемлекет жерге қаратпайды, ең төменгі жалақы мөлшерінде көмек беріледі...»

Бұл әйгілі «42 500 теңге» сагасының басталуы еді.

«Кім алады, қашан алады, қалай алады», деген сауал тұрды Қазақстанның жүзінде.

Тоқаев «бұл көмекті алатын 1,5 млн. адам бар», деді. Бұл сонша Үміт Үкімет жаққа жаутаңдап отыр деген сөз еді.

«... Төтенше жағдай кезінде Интернеттің жылдамдығын күшейтуді тапсырамын. Әсіресе, оқу-ағарту ресурстарына, әлжелілерге, мессенжерлерге кіру жеңілдетілсін. Барлық ҚАЗАҚСТАНДЫҚ РЕСУРСТАРҒА КІРУ ТЕГІН БОЛУЫ КЕРЕК!...», деді Президент сол жиында.

Ақпарат министрлігі мен мәдениет министрлігі бұл әңгімені де жерге түсірмей қағып алып, орындауға кірісті. Нәтижесінде, Тоқаевтың өзі бастап, бүкіл ел қостап «Карантиндегі жұлдыз» деген сериялық концерттерді көріп, бір жасап қалдық.

Ән жақсы. Дегенмен, ән тамақ болмайды. Нан да керек.

«... Қазақстан халқының үштен бір бөлігі карантиндегі қалалардың тұрғындары. Халық аш қалмайды, бізде азық-түлік қоры жеткілікті. Тек сол азықтың бағасы аспандамай байырғы бағамен сатылуын қамтамасыз етуді тапсырдым. Үкімет қазір халыққа ең қажет 9 азық-түлік түрін бекітіп, сол түрлердің бағасын бақылап отыр. Халық дүрлікпеуі керек, ең бастысы сенім мен сабыр.»

Сенім демекші, Тоқаев сайланған кезде «ертеңім екіталай емес пе», деп елегзіген халықтың сенімі дәл осы төтенше жағдай кезінде беки түсті.

Дағдарыстан біреу күйреп, біреу көшін ілгері сүйреп шығады ғой. Дәл осы дағдарыс Президентке деген халық сенімі нығайтып, Тоқаевтың тегеурінді тұлға екеніне иландырды.

ӘУЕЛІ ДЕНСАУЛЫҚ, СОСЫН...

10 сәуір күні Президент төтенше жағдай комиссиясын қайта жинап, жағдайды пысықтады.

Бір айға жарияланған төтенше жағдай аяқталуға жақын, ал, вирус өршіп барады. Жағдай қиындай түскен еді.

Әр облыс өз картинасына қарап, өз жағдайын бағамдап карантин жағдайын енгізіп жатты.

«... Сәуірдің басында жетерміз деген шарықтауға әлі жетпеген сыңайымыз бар, ағайын. Елдегі төтенше жағдай режимін кем дегенде сәуірдің соңына дейін созуым керек. 

Түсінемін, елдегі экономикалық ахуал да қиындай береді. Алайда, халықты қырып алар болсақ ол экономика кімге керек?»

Президенттің бұл жолғы сөзі таза экономикалық сипат алды. Себеп те жоқ емес, қыс пен көктем астасқан кез ғой, бір жақтан қар еріп, бір жатқан мал төлдеп, бір жақтан егін егу алқымдап тұрған алмағайып шақ еді ол бір.

Көктемгі егіс мен жанармай бағасын реттеуге қаражат бөлдірді, жұмысын тоқтатқан кәсіпкерлердің несиелерін кідіртті, дәрігерлердің айлығына қосымша ақы қосылды, елдегі онлайн қызметтердің қатарын көбейтуге, сапасын көтеруге тапсырма берді.

Вирустан айыққандардың қатары көбейді. Халық та бұрыңғыдай үрейге берілуді қойып, індетке еті үйренді. Бір ай карантинде жатқан адам өмір бойы далаға шықпаған секілді үйкүшік боп алады екен.

Әлеуметтік желілерде кино көру мен кітап оқудан жарыс өтіп, тіпті, «сүйікті кітап» челенжіне Президенттің өзі араласып кетті.

Қалай болғанда да, халыққа жақындай түскен үлкен адамды халық та өз бауырына тарта береді екен, Президенттің атына алғыс көбейе бастады.

МАМЫР ЛЕБІ

Төтенше жағдай кезінде Тоқаев әр спич сайын елге жақындай түсті. Тіпті, спич сайын емес-ау, әр твит сайын!

Телевизиялық үндеуінде вирус жұқтырып, ауруханада жатқандарға: «Біз Сіздермен біргеміз, уайымдаудың қажеті жоқ, тез сауығып шығыңыздар», деді.

Ауырып жатқан адамға бір ауыз жылы сөздің өзі қалай әсер етеді десеңші?! Президенттің сөзі тіпті қуаттандырып жіберерін біліп тұр ғой.

27 сәуір күні халыққа жазбаша жолдауында да Президент көпшілік күткен нәрселерді айтты.

«Ауыл шаруашылығы еңбеккерлері қиындыққа қарамастан жұмыс істеуде. Шаруалардың еңбегіне дән ризамыз.»

Ризашылықпен қатар, көктемгі егіс науқанына 200 миллиард теңге бөлінгенін де айтты. Бұл нақты бағытқа жұмсалған өте қомақты қаражат еді.

«Оқшаулану кезінде ата-аналарға кішкентай балаларымен төрт қабырғаға қамалып отыру оңай емес. Мемлекеттік комиссия әкімдіктермен бірлесіп, аулаларды және ойын алаңдарын ашу мәселесін ойластыруға тиіс.»

Жылда созылып жатып алатын Астананың қысы дәл биыл асығыс жиналды. Сәуірдің он бесінде-ақ қала көгеріп, үйде отыру тіпті қиындап кетті. Дәл осы кезде Президенттің бір ауыз сөзі талай астаналықтың жанын жадыратып жібергені сөзсіз еді.

Осы жолдауында Президент Тоқаев волонтерларға, журналистерге, мемлекеттік қызметкерлерге арнайы алғыс айтты.

Үнемі жаны қалмай жаңалық іздеп жүретін біздің Ағайындар мәз болысты. «Орасан еңбектерінің бір еленгені екен», деп мен де мәз болдым.

«11 мамыр - Төтенше жағдай мен карантин мерзімі бітетін күн», деді Президент.

«Көбі кетіп азы қалды, шыдаймыз», деді Халық.

Мамырдың мақпал лебі ескен күн еді бұл...

ТОҒЫЗ ТАРАУ

Әңгімеміздің әу басында «Тоқаевтың іс-қимылын тоғыз тарауға бөліп тастаймын» деп ойлаған шығармыз, бірақ, тоғызым тым аз болатын түрі бар. Десек те, карантин кезінде Кемелдің ұлы кесек тураған тұстардың ең соқталыларын топтап тоғызға сыйғыздық.

Сонымен:

1) Дер кезінде жарияланған төтенше жағдай. 

Ең басты тарау осы, әлбетте, дәл осы төтенше жағдай мен карантин бір апта кешіккенде бүгінгі күнгі статистика көңілсіздеу болар еді...

«12 наурызда ең бірінші науқас тіркелгенде біз шұғыл карантин шараларын қабылдадық. Егер 16 наурызда карантин жарияланбағанда, 8 тәуліктен соң 4,5 мың науқас тіркелер еді. Бұл көрсеткішке біз екі айдан соң ғана жеттік. Президент жариялаған карантин мен төтенше жағдай өте маңызды рөл атқарды, біз індеттің таралуына тосқауыл болдық және медициналық ұйымдарға жүктемені азайттық», – деді министр Елжан Біртанов «Хабар24» арнасына берген сұхбатында.

Тіпті, Тоқаевтың қадамының дұрыстығын Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы да нақтылады. Аталмыш ұйымның ресейлік бір арнаға берген сұхбатында «Қазақстанның дер кезінде жариялаған төтенше жағдайы күллі әлем елдеріне үлгі» екені баса айтылды. Әлеуметтік желілердің қазақы сегменті бұл жайды да біраз талғажау етті.

2) 156 910 000 000₸

42 500 теңгені 3 692 000 (шамамен) азаматқа таратқан кезде жиынтық сома осынша болыпты.

Әуелде, Президент «1,5 миллион адамға ғана беріледі», деген еді. Алайда, кейін санаттарды кеңітіп, жаңа тараулар қосып көмек алушылар санын үш есеге жуық өсірді.

Айтпақшы, бұл тек бірінші айда ғана аударылған қаражат көлемі. Күні бүгін төтенше жағдай созыла түскен екінші ай үшін екінші рет тағы да төленіп жатыр.

3) Жаңа, заманауи ауруханалар

Бұл нысандар Президенттің тікелей бақылауымен Астана, Алматы және Шымкенттен бой көтерді. Астанадағы ауруханаға Президенттің өзі барып көрді. 7006 шаршы метр көлемді алып жатқан кешенде 152 арнайы палата бар. Құны 5,5 млрд теңге. Аурухана 13 күнде салынып пайдалануға берілді.

Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, вирустың екінші толқыны күзге қарай соғуы мүмкін. Ондай жағдайда ауруханалардың артық етпейтіні түсінікті.

4) Жоғары жалақы

Вируспен алдыңғы шепте күресіп жатқан дәрігерлердің айлық жалақысына қосымша ақы қосылды. Үш ай мерзімге тағайындалған қосымша ақы үш санатқа бөлінді. Еңбек етіп жатқан аймақтарының қауіптілік деңгейіне қарай тиісінше 850 000, 425 000, 212 000 ₸ қосымша ақы тағайындалды.

Дегенмен, Президент дәрігерлерге қамқорлық көрсетумен қатар назы барын да жасырмады.

«Індет Қазақстандағы біраз мәселенің бетін ашты. Мәселен, медицина. Жетілдіру керек, ғылыми жағын жандандырып, кадр біліктілігін көтеру керек. «Халықты қорғайды» деп үміт артқан дәрігерлердің өздері жұқтырып алып жатты. Бұған жол берілмеуі керек еді...», деді Тоқаев «Егеменге» берген сұхбатында.

Президент айтса, айтылған жерде қалмайды. Мен алдағы жылдар Қазақстан медицинасы үшін өрлеу мен жаңғыру жылдары болар деп үміттенем.

5) Тест арқылы анықтау

Президенттің тікелей тапсырмасымен денсаулық сақтау министрлігі қолға алған бұл жұмыс дәл бүгін де қарқынды жүріп жатыр.

Тест неге керек? Вирустың нақты белгілерінсіз ауырып жүргендерді анықтау үшін. Ең қауіпті науқастар да осылар, өйткені, өздеріне сенімді адамдар алаңсыз вирус таратушы рөлінде жүре береді.

Тоқаев министрге жұмыс өнімділігін көтеруді тапсырды. Ең кемінде күніне 20-25 мың адамнан тест алыну керек көрінеді.

6) Ауыл шаруашылығы

Көктемгі егіс науқанына және басқа да қажеттіліктерге 200 миллиард теңге бөлінді. Бұның 70 миллиарды тұқым өндірісіне, тыңайтқыш алуға бағытталмақ. Сонымен қатар, 390 мың тонна дизель отыны шағын, орта шаруаларға жеңілдікпен сатылып жатыр.

Президент қайбір күні Астана іргесіндегі азық-түлік қоймаларына барып жағдайды көзімен көрген. Көңілі толып қайтқан. Барлық әкімдерге тапсырма берген: халық алаңдамасын, азық-түлік таусылмайды және арнайы санаттағы тұтыну тауарларының бағасы өспейді.

7) Сыртқы саясат пен гуманитарлық көмек

12 наурыз бен 11 мамыр аралығында Қазақстанға сырттан көп көмек келді. Қаржылай да, медициналық құрал-жабдық та, тіпті, ноутбуктар мен оқу құралдарына дейін жіберген мемлекеттер болды.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметіне сүйенсек, Қазақстанға АҚШ, Польша, Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, Түркия және БАӘ-нен гуманитарлық көмек келіп түскен.

Әлем елдерінің қай-қайсысы да бір қолын екі ете алмай жатқан қиындау кезең ғой. Десек те, дипломаттан Президентің болғанының пайдасы шығар, Қазақстанға көмектескісі келгендердің қарасы аз болмапты.

Тіпті, Қытай тарапы ең таңдаулы он дәрігерін біздің медицина қызметкерлеріне кеңес бермекке жұмсапты. Көмектің көкесі сол болды, расында.

8) Бизнеске қолдау

Елдегі барлық бизнес нысандарының азы бір ай, көбі ай жарым үзілістен соң іске кірісе бастағаны кеше ғана. Жұмыс істемеген кәсіпкерде ақша бола ма, ол салықты қалай төлемек?

Президент тапсырмасымен отандық бизнестің басым бөлігі алты айға салықтан босатылды. Несие мерзімдерін шегеруді банктерге қадап тапсырды. Қор қаражатынан несиеге арнап ақша бөлдірді, сөйтіп экономиканың мыңдаған кіші тетіктеріне қамқорлық жасалды.

9) Әлеуметтік қамқорлық пакеттері

Тоқаевтың «төтенше жағдайы» тұсында әр сөйлеген сөзінде, қабылдаған шешімінде әлеуметтің аз қамтылған тұсын ұмытқан кезі болмады.

Басты қамқорлық деп әйгілі 42 500 теңгені айтар едім. Одан кейін кезекте зейнетақының өсуі, ірі қалалардағы коммуналдық шығындардың мемлекет тарапынан өтелуі, тегін азық-түлік себетінің таратылуы тұрады.

Қара халықтың жағдайын тек ақша таратып берумен түзеу мүмкін емес. Жаңа жұмыс орындары да ашылмақ, бүгіннен бастап Қазақстанда экономиканың жаңа кезеңі басталды.

Тоқаев - тәуелсіз Қазақ мемлекетінің екінші басшысы. Сайланғанына жыл өтер өтпесте сынақтың «көкесіне» кездесті. Кемелдің ұлы кемел дипломат еді, коронавируспен "келіссөзі" қашанға дейін созылмақ?

Қазаққа уақыт керек, сабыр керек, төзім керек. Дәл қазір босаңсудың реті жоқ.

Үйткені, біз екі айға жуық Үрей мен Үміт, Қорқыныш пен Қауіп, Белгісіздік құрсауында болған Халық ретінде жеке басымыздың оқшаулығын күзге дейін, тіпті қысқа дейін сақтайтын болсақ керек.

P.S. ОЙДАҒЫ ОНЫНШЫ ТАРАУ

Баршаң білесің, Өзбектің Сардобасы тасып, біздің Мақтаралды су шайған еді.

Кінәлі - өзбек. Өздері де біліп отыр. Қазақтың Сыртқы істер министрлігі мемлекет ретінде реніш білдірмекке «нота жібергелі жатыр» деген хабар шыққан. Тез басылды.

Токаев и Мирзиеев договорились о создании совместных производств в ...

Іле-шала Тоқаев пен Шапқат Мирзияевтің телефон арқылы сөйлескені мәлім болды.

Өзбек президенті: «кінә бізден, бек қапалымыз, кеткен судан келген шығынды көтеріп аламыз», деп бәйек болыпты. Сірә, құдайы көршімен ноталасып, тәтті аузының дәмін кетіргісі келмесе керек...

USM Алишера Усманова покупает «ИКС Холдинг» - Газета.Ru | Новости

Екі күн өтер, өтпесте өзбектің Әлішер Усманов деген дәулетті жігіті Мақтарал халқына деп 5 млн. долларды атып жіберді.

Міні, саған дипломатия керек пе?!

Алмас Алтай

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1576
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2272
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3590