Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3954 0 пікір 1 Қараша, 2011 сағат 06:32

Мұхтар ҚАЗЫБЕК. ШОНА АҒАНЫҢ БАСТАУЫМЕН...

Бiлiм-ғылым жолына шындап түскен жандардың табиғаты мүлдем бөлек. Олар атақ-мансап үшiн емес, шынайы ғылым үшiн қажымай-талмай еңбектенуде. Бүгiнде алпыс жасқа толып отырған мен бiлетiн Мұхтар Қазыбек сондай жан. Талай рет тарих, әдебиет, мәдениет, шежiре туралы пiкiр алысқаным бар едi. Бiрнеше ғылыми кiтаптардың авторы. Аудармалары қаншама. Басқаларын былай қойғанның өзiнде, оның «Бәйдiбек баба: аңыз бен ақиқат» атты зерттеу еңбегiнiң өзi неге тұрады десеңiзшi. Осы тақырып төңiрегiнде бұрын аса ескерiлмей келген қаншама тарихи деректердi алға тартып, тыңнан тұжырымды ой айтқан. Сол үшiн оны кезiнде талап-талғамы терең, қоғам және мемлекет қайраткерi Асанбай Асқаров жоғары бағалап, Мұхаммед Хайдар Дулати қоғамдық қорының директорына лайықты жан деп ұсынған едi.

Бiлiм-ғылым жолына шындап түскен жандардың табиғаты мүлдем бөлек. Олар атақ-мансап үшiн емес, шынайы ғылым үшiн қажымай-талмай еңбектенуде. Бүгiнде алпыс жасқа толып отырған мен бiлетiн Мұхтар Қазыбек сондай жан. Талай рет тарих, әдебиет, мәдениет, шежiре туралы пiкiр алысқаным бар едi. Бiрнеше ғылыми кiтаптардың авторы. Аудармалары қаншама. Басқаларын былай қойғанның өзiнде, оның «Бәйдiбек баба: аңыз бен ақиқат» атты зерттеу еңбегiнiң өзi неге тұрады десеңiзшi. Осы тақырып төңiрегiнде бұрын аса ескерiлмей келген қаншама тарихи деректердi алға тартып, тыңнан тұжырымды ой айтқан. Сол үшiн оны кезiнде талап-талғамы терең, қоғам және мемлекет қайраткерi Асанбай Асқаров жоғары бағалап, Мұхаммед Хайдар Дулати қоғамдық қорының директорына лайықты жан деп ұсынған едi.

Мұхтар Қазыбек - тiл жанашыры. Оның осыдан жиырма бес жыл бұрын көрнектi ақын Шона Смаханұлының оң қолы ретiнде, өзге де ерiктiлер тобын жұмылдыра отырып, Алматыдан қазақ мектептерiн ашу үшiн бюрократтық әкiмшiлiкпен жанкештi, ымырасыз күрес жүргiзгенiнен жұрт хабардар. Ұлттық мектеп мәселесiнде сiресiп, қатып қалған сеңдi алғаш бұзған да солар едi. Бұл шын мәнiндегi тiл үшiн, ұлт болашағы үшiн ерлiкпен пара-пар күрес әрi үлгi тұтар патриоттық iс болды. Сол күрестiң бүгесi мен шiгесi әлiкүнге толық айтылып бiткен жоқ. Жуырда Мұхтар Қазыбектен сол бiр кезеңнiң көпшiлiкке әлi де беймәлiм жақтары туралы мақала жазып беруiн өтiнген едiк. Төменде соны сiздердiң назарларыңызға ұсынып отырмыз.
Көлбай АДЫРБЕКҰЛЫ

Өткен ғасырдың 85 жылына дейiн КСРО-да ұлт жөнiнде үстемдiк еткен сұрқия саясаттың қайта құру ке­зең­iн­де iргесi шайқалғаны жұртқа мәлiм. Әсi­ресе орыс тiлiн жалпыға бiрдей ету үшiн, ұлттық мектептердi жа­у­ып, ұлттың өз ана тiлiнде оқып да­му­ы­на үлкен кедергi келтiрген бола­тын. Жа­рия­лылық кезiнде қазақ мектептерi мен балалар бақшасын ашу мәселесiн ен­дi жеке адамдар емес, өтiмдi әрi сал­мақты болу үшiн ұйымдар атынан, ұжым атынан қойыла бастады. Бұл игiлiктi шараның басында бел­гi­лi сатирик ақын Шона Смаханұлы жүр­дi. Ұлы Отан соғысының ардагерi Шона Смаханұлы Қазақстан Жазушылар одағының сол кездегi хатшысы О.Сү­лейменовпен келiсiп, Одақ жанынан қазақ мектептерiмен айналысатын бө­лiм ашып, белсендi iс әрекетке бiлек тү­ре, тайсалмай әрi тайсақтамай тiке кi­рiстi. Шона Смаханұлы республика бас­шысы Д.Қонаевтың құзырына бұл мә­селенi жеткiзiп, ағарту саласындағы со­лақайлықты, қазақ мектептерiнiң жабы­лып, жыл сайын оқушылар санының да азайып бара жатқанын, мұның өзi ұлтымыздың болашағына қауiптi еке­нiн көтерiп, дабыл қақты. Шона Сма­ханұлының жан айқайына Жазушы­лар одағының кей­бiр мүшелерi, журна­листер, зиялы жұр­тшылық жедел үн қосып, қолдау бiл­дiрдi. Республиканың баспасөз бет­те­рiн­де қазақ мектебiнiң тағдыры жайын­да қо­ғамдық пiкiр көтерiле бастады, мұның да басы-қасында жүрген азамат Шона Сма­хан­ұлы болатын.

Алматы қаласындағы жалғыз №12 мектептен басқа (бұл мектептiң өзi де кезiнде жабылып қала жаздады, С.Мұқанов, Р.Бердiбаев және т.б қа­лам­герлер мәселенi орталықтың алдына қойып жүрiп, мектептi жабылу­дан аман алып қалған), кейiннен ашыл­ған мектептердiң бәрiне де Шона Сма­хан­­ұлының тiкелей қатысы бар. Шона Смаханұлы дүниеден қайтқанға дей­iн қалада 24 қазақ мектебi бой кө­тер­дi. Оқушылар ана тiлiнде оқып, бi­лiм ала бастады. Бiр адам үшiн бұл аз үлес емес. Шона Смаханұлы осы мек­тептер ашылғанша Қазақстан КП Ор­та­лық Комитетiнiң идеология хатшыла­ры, Бiлiм министрлiгi, қалалық бiлiм бе­ру басқармасы, қаладағы 8 аудандық (ол кезде 8 аудан бар едi) партия, атқару комитетi басшыларының, оқу бөлiмдерi меңгерушiлерiнiң бәрiнiң дер­лiк табалдырығын тоздырғанын жақ­сы бiлемiз. Қалалық бiлiм беру бас­қармасы, аудандық бiлiм беру бө­лiм­де­рiнiң ұлттық мәселеге марғау қарап, бас шұлғып келген шенеунiктерiн Шона Смаханұлы алғаш рет сiлкiп-сiл­кiп, ұйқысынан селт еткiзiп оятты. Сеңдей сiрескен бюрократтармен кү­ресiп, бюрократизммен айқасты. Та­лай­лардың бет-пердесiн сыпырып тас­та­­ды. Сол үшiн өзiн де аяп қалған жоқ. Ол ұлттық мектеп проблемасына, оқыту iсiне өзiнiң мiндеттi атқаруға тиiс шаруасындай қарады. Уақытпен есеп­тесiп жатпады, қай жерде мектеп ашы­лу­ға мүмкiндiк болса, Шөкең сол жерден табылып, жiгiттердi, ата-аналарды ұйымдастырып, дереу класс немесе мектеп ашуға жұмылдырып отырды. Көтерген мәселесiнiң қазығын мық­тап тұрып қағып жiберетiн әрi iстi өзi бақылап, қадағалап отыратын. Сөзi де, қаламы да батыл қайсар жан алған бе­тi­нен қайтпайтын әрi қаймықпайтын жүректi азамат едi. Мектеп ашу iсiнде дәл Шона Смаханұлындай батыл кү­рес­кен қаламгер жоқ. Көбi сөзбен ғана қол­дап, басын ауыртпай шығарып салып жүрдi. Ал сатирик ағамыз құзырлы ме­кемелер басшысы алдында "ақырып" тең­дiк, әдiлдiк сұрады.

Мекеме басшыларымен қызыл ке­ң­iр­дек болып айқасқан, кейiн оларды ашық түрде газет беттерiнде аты-жөн­де­рiн атай отырып, қатал сынап мақала да, сатиралық өлең де жазып түйреген қа­лам­гер осы Шона Смаханұлы болатын. Елi­мiздiң келешегi, ұлт болып қалудың түп негiзi отбасы мен ұлттық мектепте деп бiлдi. Ата-аналарға «Баланың тiлi ең алдымен ана тiлiнде шығуы тиiс, мектепте одан әрi жетiлiп, дамуы керек» деп айтудан еш жаңылған емес. Тiлi орыс­ша шыққан қазақ балаларының бi­лiм­дi де орыс тiлiнде алатыны, ақыры ту­ған тiлiнен, тарихынан мақұрым болып қалатынын ойлап, көкiрегi қарс айы­рылушы едi. Оның көз алдында орын алып отырған осы әдiлетсiздiкке қар­сы аянбай күресуiнiң де мәнi сонда бо­латын. Смаханұлы қазақ мектептерi, бала­бақшалар iсiн алғаш мемлекеттiк дең­гейде жоспарлы түрде қолға алу қа­жеттiгiн көтерген әрi соны жүзеге асыр­ған да қаламгер.

Әлi есiмде... 1986 жылы "Айна­бұ­лақ" ықшам ауданында жұрт көбiрек жү­ретiн жол бойына, сондай-ақ авто­бус аялдамаларында № 118 мектепте пәлен күнi, пәлен сағатта ата-ана­лардың жалпы жиналысы болады. Онда қазақ кластарын, балалар бақ­ша­ларын ашу мәселесi қаралады. Жи­на­лысқа Р.Бағланова сынды әртiстер, Ш.Смаханұлы, М.Тоқашбаев, т.б. белгiлi жан­дар, баспасөз қызметкерлерi және ақын­дар қатысады деген мәтiнде ма­шин­каға басылған хабарландырулар iлi­нiп, сол күнi жиналған көпшiлiк ал­дын­­д­а Ш.Смаханұлы ұлттық мектеп мә­селесiн, қазақ кластарын, мүмкiндiк бол­са жеке мектептерiн ашуды алға тар­тып, жұрт алдында мәселенi ашық қой­ды. Шәкеңнiң жанында сол кездегi "Бiлiм және еңбек" журналының қыз­мет­керi, бүгiнде "Президент және ха­лық" газетiнiң бас редакторы Марат То­қашбаев, "Социалистiк Қазақстан" га­зе­тiнiң тiлшiсi Сәуле Iлiмтонова және т. б. қаламгер жiгiттер бар едi. Шона Сма­ханұлы: - Сiздердiң мына жиынға кел­ген­де­рiңiзге рахмет, - деп бастады сөзiн. - Ата-аналар көбiне енжарлық танытып, бел­сендiлiк көрсете бермейдi. Мәселенi бiз­сiз де жоғары жақтың өзi шешедi деп самарқаулық танытады. Жоқ, жоғары жақ қазақ мектептерiн ашу мәселесiн осы уақытқа дейiн шешпей келедi. Бiздiң ұлт­тық мүддемiз қаға берiсте қалып жатыр. Өз мәселемiздi, өз мектебiмiздi өзi­мiз тиiстi орындарға ашық қоймасақ, бас­қа бiреулерге сенудiң қажетi жоқ. Мы­нау төрт ықшамауданнан тұратын "Ай­набұлақта" бiрде-бiр қазақ мектебi, не балабақшасы жоқ. Мұнда қазақтар тұ­рып, өмiр сүрiп жатқан жоқ па? Ал солардың мүддесiн кiм шешпек? Қа­ла­ның басқа аудандарындағы жағдай да дәл осындай. Мектебiмiз болмаса тi­лi­мiз жойылып, ұлттық келбетiмiзден, та­биғи болмысымыздан айырылып қа­ла­мыз. Бұл намысы бар адамның шым­байына, жанына тиетiн жайт, ағай­ын. Сiздердiң бұл мәселелерiңiз бәрi­мiз­ге ортақ. Бiз әдiлетсiздiктi көрiп-бi­лiп отырғандықтан, намысқа шауып ал­да­рың­ызға келiп отырмыз. Ұсынысым мы­нау болсын: Бiрiншiден, осы ықшам ауданда қазақ мектебiн ашу жөнiндегi ынта­лы топ құрылсын. Ол ерiктi түрде жұмыс iс­тесiн.
Екiншiден, ынталы топ қазақ мек­те­бiне баратын оқушылардың, әсiресе 1,2,3, яғни бастауыш класқа баратын ба­ла­лардың тiзiмiн алатын болсын. Үшiншiден, ынталы топ төрт ықшам ауданды бөлiп алып, үйме-үй аралап, ата-аналарға жолығып, мектепке баратын балаларын қазақ класына мiндеттi түрде беруге үгiттеп, түсiнiк жұмысын жүргiзудi қолға алсын.

Төртiншiден, орыс мектептерiндегi қа­зақ балаларын қазақ мектебiне ауы­су­ға үгiттеп, нақты тiзiмдерiн жасау қажет.
Бесiншiден, әрбiр ата-ана көршi-қо­ла­ң­ына, жақындарына қазақ мектебiнiң ашы­латынынан хабардар ететiн болсын,- деп сөзiн аяқтады. Үш сағатқа со­зыл­ған сол жиында кеудесiнде ұлттық на­мысы бар ата-аналар Шөкеңнiң бас­та­ма­сын қолдап, қызу пiкiр таластырып, мә­селенi қайтсе тезiрек шешуге болатыны жөнiнде өз ойларын ортаға салды.

Сөйтiп, 1986 жылдың тамыз айы­ның басында ата-аналар жиналысында кө­терiлген бұл мәселе, сол қозғалған күн­нен бастап қолға алынды, ерiктi түр­де жұмыс жүргiзетiн ынталы топ құ­рыл­ды. Нақты жұмыс жоспары жасалынды, мiн­деттер бөлiсiп, уақыт өткiзiп алмау ке­ректiгi ескерiлдi. Ең қиыны әрi күрделi iс ата-аналармен жүргiзiлген жұмыс едi. Бiрi дұрыс қа­былдаса, екiншiсi "Осы уақытқа дейiн қай­да жүрдiңдер? Ұйқыларыңнан ендi оян­дыңдар ма?" деп өздерiне емес, ын­талы топқа кiнә артып, дүрсе қоя бер­дi. «Балаларымызды орыс кластарына беремiз. Себебi қазақ кластарында бiлiм нашар, мықты мамандар жоқ. Ба­лалардың бiлiм деңгейi төмендеп ке­тедi» - деп сенiмсiздiк бiлдiрiп, уақы­ты­­мызды босқа алды.

Бiзге қатысы жоқ болса да айтқан сын­дарын, ескертпе-ренiштерiн, тiптi кү­дiктерiне дейiн қабылдап, бәрiне шы­дауымызға тура келдi. Алайда бiздi жақ­сы түсiнген ата-ана қуана қарсы алып, өздерi де ынталы топқа кiрiп, кө­мек­те­рiн аямады.
1986 жылдың бүкiл жазы мек­теп­тi қалайда ашу үшiн жүгiрiспен өт­тi. М.Қайырғалиевтiң үйi бiздiң шта­бы­мыздың ролiн атқарды. Жиналған ба­лалардың жалпы тiзiмi жасалып, клас­тар бойынша бөлiндi. Сонда бiр бай­қа­ғаным, кейбiр бастауыш класта - 2 не 5-ақ бала тiркелген. Класс ашу үшiн 10-15 бала болуы қажет. Балалар саны со­дан аз болған жағдайда аудандық фи­нанс-қаржы бөлiмiнен ұсыныс өтпей қа­лады.

Дегенмен ақылдаса келе жиналған ба­лалардың тiзiмi көрсетiлiп, Октябрь ау­данының партия комитетiнiң бiрiншi хат­шысы Долженковке, аудандық ат­қа­ру комитетiнiң төрағасына, содан соң аудандық оқу iсiнiң меңгерушiсi С.Шәрiпхановтың атына арнайы хат жазып, өтiнiшiмiздi ресми түрде бiлдiрiп, №118 орыс мектебi жанынан қазақ клас­та­­рын ашуды сұрадық. Содан кейiн мұн­дай өтiнiштi қалалық оқу бөлiмiнiң ал­дына, сондай-ақ Бiлiм министрi Ш.Шаях­метовтiң тiкелей өзiне қойдық. Сон­дағы ойымыз бiздiң бұл мәселе рес­пуб­ликалық деңгейде де бақылауға алынуы едi. Аудан қарсы еместiгiн бiлдiрдi, бi­рақ ата-аналар балаларын қазақ класта­рына бере ме, жоқ па, бала­лар саны класс ашуға жете ме, әуелi со­дан бастау керек деп бар шаруаны өзi­мiз­ге ысырып қоя бердi. Содан кейiн ау­дан­дық оку бөлiмiнiң меңгерушiсi С.Шә­рiп­хановты, оның методисi Прохо­ро­ваны ахуалды көздерiмен көрiп, ата-аналардың талап-тiлектерiн өз кұ­лақ­та­рымен естiсiн деп жиналысқа арнайы шақырдық. Бұл кезде ата-аналар мектеп әне-мiне ашылады деген үмi­тпен жүрген-дi. Олардың арасында орталықтағы қазақ кластарында оқи­тын балаларын ары-берi тасудан мезi бол­ғандары да бар едi.

Қазақ мектептерiн ашу туралы жи­налыс айқай-шусыз өтпейтiн. Ата-ана­лардың ашу-ызасы, ренiштерi де әб­ден шегiне жеткен. Оның да бiрнеше субь­ек­­тивтi және обьективтi себептерi бар бо­лып шықты. № 118 мектептiң директоры М.Тенишева сондай жиналысқа амал­сыздан, ылажсыздан келiп-кетiп жүр­дi. Мектеп екi ауысымда жұмыс iс­тейтiн. Жыл сайын 1-класс санының өзi 8-10-ға дейiн баратын. Оның үстiне ендi қазақ кластары ашылып, мектеп ара­­­лас мектепке айналмақ. Тенишева мүм­кiн­дiгiнше балалардың қазақ кластарына жиналуына жол бермеуге тырысты. Бiз жоқта мектепке жөн бiлуге келген ата-аналарды кластың, мектептiң ашылуы белгiсiз деген әртүрлi сылтаулармен қайтарып, бұған iштей барынша қар­сы болды. Ата-аналар директордың "сы­пайылап" сырғытып отырғанын қай­дан бiлсiн. Өзiнiң орынбасарларына да астыртын сондай тапсырмалар берiп қойған болып шықты. Ата-ана­лар сөйтiп қазақ кластарын ашуға М.Тенишевадан қолдау таба алмады. Ол аздай орыс мектептерiнде оқып жүрген балаларды қазақ кластарына қабылдаттыруға кедергi жасап бақты. Егер қазақ класына ауысса бiр класс төмендетiлiп оқытылады деп ата-аналарды шошытып, үркiтумен болды. Сондай-ақ шектеулi қазақ кластарына тек қана Октябрь ауданында тұратын балалар ғана қабылданады, басқа аудандардан бала қабылданбайды дедi. Сөйтiп территориялық та шектеу қойды. Мектеп директорының бұл шектеулерi бiздiң жүргiзген жұмыстарымызға үлкен кедергi келтiрiп жатты. Ш.Смаханұлына телефон соғып, жағдайдың қиындап ба­ра жатқанын айтып, ендi қалай күресу ке­ректiгiн ақылдастым.
Ол: «Мұхтар, бұл мәселеге нүкте қою үшiн қалалық оқу бөлiмiне барып, тiкелей қояйық», - дедi ызалы үн­мен. Қалалық оқу бөлiмi меңгерушiсi бiз­дiң мәселемiзге әбден қанық бола­тын. Оқу бөлiмiнiң меңгерушiсi Тени­ше­ваның iс-әрекетiн заңсыз, ал ата-ана­лар­дың талабы  заңды деп тапты. Те­ле­­­­фон тұтқасын көтерiп, Тенишеваға: «Ал­матыдан қазақ кластарын ашуды Республиканың бiрiншi басшысы қол­дап отыр. Сiз мектептен қазақ кластарын ашуға тиiссiз әрi бұл тiкелей мiн­де­тiңiз» деген ескерту жасады.

Сөйтiп ары тарт та, берi тарт бол­ған мәселеге жол ашылды. Бiрақ Те­ни­шеваның ата-аналар ортасында iрiткi са­лып, сенiмсiздiк туғызуынан әлiптiң артын бағайық дейтiндер де аз болған жоқ. Аталмыш мектепке 1 - сентябрь күнi газет-журнал, радио, телевизиядан тiл­шi­лер шақырып, «Айнабұлақ» ауданынан қазақ кластарының ашылғандығы туралы ресми хабарлар бергiздiк.

Алайда әрбiр класта тиiстi балалар саны жетпедi. 7-8 кластарда 4-5 ба­ладан аспады. Балалардың саны же­тiс­пеуi­нен класстардың ашылар-ашылмасы бел­гiсiз болып қалды. Мектепке келген бала­лардың жалпы саны 50-дей ғана бо­лып шықты. Бiз де қиын жағдайда қал­дық. Шона ағамен ақылдасып, №46 қазақ мектебiне барып, директорына жо­лы­ға­тын болдық. Мақсатымыз, сол мектеп­тен бiраз баланы осы мектепке ау­­ысты­рып, кластарға қажеттi балалар са­нын толықтыру.
Ертеңiне таңертең бiз I-шi Алма­ты­дағы № 46 мектеп директорының қа­был­дауына бардық. Ол келген шаруамыз­ды тыңдап алып: «Оқушылармен өз­де­рiң­iз сөйлесiп көрiңiздер, мен күштеп ауыс­тыра алмаймын, ата-аналары шағым­да­нуы мүмкiн», - дедi қарсылық бiлдiр­мес­тен.
Сонымен сабақтан соң Шөкең 7-класс, мен 8-класс, М.Әлiмбаев 6-клас­тың есiктерiн аштық. Оқушыларға өз ұлтын сүю керектiгiн, ана тiлiнiң қа­дiр-қасиетiн, сол тiлде бiлiм алу қа­жет­тiгiн айта келiп, №118 мектептен қазақ кластарының ашылғанынан ха­бардар ете отырып, соған жақын маң­да тұратындардың ауысуына бола­тын­дарын ескерттiк. Мұғалiмнiң кө­зiнше ешқайсысы үндемедi. Бiр оқу­шы: "Сiздер бiздi қызықтырып тұр­сыздар"- дедi. Үзiлiстен кейiн, мұ­ға­лiм кетiсiмен-ақ төңiрегiме балалар үй­ме­леп, ұйымдасып алғандай бiр ауыздан: «Бiздiң кластағы балалар тегiс ауыса­мыз, мектеп қай жерде, сабақ қашан бас­талады?»,- дедi жамырай сөйлеп. - Бәрiң емес, жарты кластың оқу­шы­лары барса да жетедi,- деймiн.

- Ертең бiз сол мектепке барамыз, ағай, - дедi балалар шешiмдi түрде. Таң­ертең бiраз балалар жаңа мектепке келдi. Солардың iшiнде Ақбаева, Лақ­ба­ева деген оқу озаттары да бар болып шықты.

Сонда менi таңдандырған бiр жайт, 8-класс оқушыларынан 15 ер-қыз баланың түгел жетiп келгенi бол­ды. Мұның себебi неде болды екен деп оқушылардан сыр тартып көр­сем, гәп класс жетекшiсiмен келiсе ал­маушылықта жатыр екен. Көбi содан апайына ерегесiп, кетiп қалуға ама­лы жоқтан оқып жүргендер болып шықты. Бiздiң ұсынысымыз олар үшiн iздегенi алдынан шыққандай бол­ған ғой. Педагогикалық этиканың сақ­талмауының салдары, апай мен оқу­шы­лар арасындағы шешiлмей келе жат­қан кикiлжiң ақыры ойламаған жерден бiздiң пайдамызға, №118 мектептiң қа­зақ кластарының пайдасына шешiлiп кет­тi. Басқа кластарға да оқушылар қо­сы­лып, сөйтiп сентябрь айының ортасына дейiн 1-ден 8-ге дейiнгi кластар ара­лы­ғындағы оқушылар саны класс ашуға же­терлiктi болды. Тiптен асып та кеттi. Де­генмен қызықтың көкесi кейiн болды. №46 мектептiң кейбiр кластарына оқушы жетпей қалып, оқу iсiнiң мең­герушiсi, ендi оқушыларымды қай­­тарыңдар деп менi iздеп келiп, ен­дi өтiнiштi бiзге айтпасы бар ма. Оқушыларға айтсақ бұрынғы мек­те­бi­не қайта барғысы жоқ. Сонда да үгiт-насихат жүргiзiп жүрiп, бiраз оқу­шы­лар­ды керi қайтартқыздық.
1986 жылдың шiлде-тамыз-қыр­күй­ек айларында болған дүбiрлi оқи­ға "Айнабұлақ" ықшам ауданында ғана емес, қаланың басқа да бөлiк­те­рiнде қозғалыс туғызды. Соның нәти­же­сiнде №62, №65 мектептер ашылды. Ш.Смаханұлы, М.Тоқашбаев, С.Қа­ра­таев, М.Қайырғалиев, М.Қазыбек, М.Әб­дi­халықов, Бейбiтбаева, Б.Қобыландин және көптеген басқа да азаматтардың iсi өз нәтижесiн бердi. Сол жылдың қы­сында бұл азаматтардың бiразын Жел­тоқ­сан көтерiлiсiнiң ызғары шалғанын айт­пай кетпеске болмас. Ш.Смаханұлын ұлт­тық қауiпсiздiк комитетi қайта-қайта ша­қырып, мазасын кетiрдi. Менi де, Мұқа­меджан Әлiмбаевты да сұрақтың ас­тына алғаны бар. Ш.Смаханұлы басқаларға зияным тиiп кетер деп, телефон кiтапшасын жағып жiберiптi. Оқи­ғаның iзi басыла бастаған соң ма­ған келiп, телефонымды қайта жазып алып кеткенде ғана себебiн бiлдiм. Кол­бин­дiк билiк жағынан қазақ мектебiн ашу­ға ұйтқы болғандарды ұлтшылдар қа­тарына қосуға әрекет жасалыпты. Алай­да оған iлiк, себеп таба алмаған.
№118 мектеп жыл бойы үш ауысыммен жұмыс iстедi. 1987 жылы аудандық ха­лық ағарту бөлiмiнiң көмиссиясы қазақ кластарын жаңадан ашылайын деп жатқан 4-шi "Айнабұлақтағы" №129 мектепке ауыстырсаңдар қалай болады деп ұсыныс айтты. Мен жiгiттермен ақыл­даса келiп, бұл мәселенi дұрыс шешу үшiн аудандық партия комитетiнiң бiрiн­шi хатшысы Долженковтың алдына қайта қоюды ұйғардым. Қазақ мек­­­тептерi, балабақшаларының жай-жапсары тiптi қала көлемiнде бұған дейiн ресми түрде еш уақытта қойы­л­мап­ты. Сондықтан Долженковқа қазақ ұл­­тының мүддесiн кемсiтпейтiндей етiп ойластырылуы, обьективтi түрде қарас­­тырылуы қажеттiгiн айттым. «Мек­теп бiз үшiн алдымен ұлттық, мем­ле­кеттiк, сондай-ақ саяси мәселе. Бұл мә­селе балабақшаларды ана тiлiнде ашу жолымен шешiлуi тиiс едi. Уақыт көрсеткендей, осы кезге дейiн бұл ба­ғыт­та жұмыс мүлдем жүргiзiлмеген. Мұ­ның өзi интернационализм принципiне қайшы. Ұлттық мәселенi көпе-көрiне бұрмалау, бүркемелеуге алып келетiн құбылыс. Сондай-ақ бұл идеологиялық жұмыстың да қандай деңгейде жүргiзiлiп келгенiн көрсетедi. Бұл жұмыс сiздерге дейiн де солай болған, бiрақ сол қателiктердi ендi сiздер түзететiн боласыздар. Бiз бұған кiнәлiлердi iздеп табыңыздар демеймiз. Мәселенiң дұрыс шешу жолын iздегендерiңiз абзал»,- деп едiм сөзiм шымбайына тиiңкiреп кеттi ме, бiрiншi хатшы қабағын шытып, үндемей қалды. Ал идеология жөнiндегi хатшы Л.Овчаренко айтып отыр­ғаныңыз дұрыс деп бас изеумен бол­ды. Мен сөзiмдi тағы жалғадым. «Бiздiң келiп отырған жағдайымыз мынау: 1986 жылы қазақ кластары №118 мектептiң жанынан ашылды, балалар әлi мектепке қалыптасып, сiңiсiп кете алған жоқ. Ендi №129 мектепке ауысу туралы ұсыныс жасалынып отыр. Бұл қалай сонда? Жыл сайын бiр мектептен екiншi мектепке балаларын ауыстырып отыру қазақтардың намысына тимей ме?» - дедiм, мәселенi төтесiнен қойып.

Долженков:
- Бiз ойластырып, осындай ұйғарымға келiп едiк. №118 мектеп үш ауысыммен жұмыс iстеп жатыр, Әрине, амалсыздың күнiнен. № 129 мектеп жаңадан ашылмақ. Оған № 118, №110 мектептiң бiраз балалары көшiрiледi. Егер қазақ кластары көшкiсi келмесе, бұрынғыдай сол жерде оқи берсiн, ешкiм қозғамайды,- дедi.
- Қазақ кластарындағы балалар саны қазiрше өспей отыр, себебi балабақшалар жоқ. Қазақша бала-бақшада ана тiлiнде тiлi шықпаған бала мектепке келген соң қиналады, ата-анасы да әуреге түседi. Сондықтан бiздiң сiздерге қоятын мынадай шартымыз бар. Бiрiншiден, "4-Айнабұлақта" салынып жатқан 360 орындық балабақша мiндеттi түрде қазақ балаларына берiлсiн. Осы шартқа келiсiлген жағдайда ғана бiздiң балалар № 129 мектепке көше алады. Бала-бақша шешiлмейтiн болса, онда қазақ балаларын қозғамаған жөн. Бiрақ бұдан былай бұл балабақша мен мектеп мәселелерi қала басшыларының алдына түбегейлi шешiлгенше қойыла бередi,- деп ойымды шегелей түстiм.

Бiрiншi хатшының кабинетiнде отыр­ған идеология жөнiндегi хатшы Л.Овчаренко, атқару комитетi төра­ға­сы­ның орынбасары Т.Шлыкова, оқу iсi­нiң меңгерушiсi С.Шәрiпханов та бiр сәт кiдiрiп, мен оқыс қойған мәселе төңi­регiнде iркiлiп қалды. Долженков:
- Бұл мәселенi де шешуге болады, со­лай емес пе? - дегенде Л.Овчаренко:
- Балалар бақшасын бергенiмiз жөн, қазақ балалары № 129 мектепке алаң­сыз көшкенi дұрыс, - деп құптады. Сөй­тiп, қазақ балалар бақшасын да ала­тын болдық әрi № 129 мектепте екiн­шi оқу жылын да бастайтын болып, екi мәселенiң де шешiмi табылды. Ашық әңгiме толық түсiнiстiк жағ­дайында өттi. Ешкiмнiң де ренiшi бол­мады. Бұған дейiн елiмiзде ұлттық мә­селеге қатысты жұмыстардың бiр жақты жүргiзiлiп келгендiгiн, орта­лық­тың қателiгiн сезiндiк. Себебi партияның билiктегi ролi күн өткен сайын құлдырап, керiсiнше, «жаңаша ойлау» жұрттың ақыл-ойын билей бастаған кез едi. Бiздiң де мәселенi батыл қоюымыздың астарында осы жатыр едi. Бiр нәрсенi қозғаймын деп екiншi мәселенi көтерткiздi. Ұсынысым дер кезiнде қойылып, бұған дейiн жүгiрiп жүрiп ашқан №317 бала бақшасына қосымша ендi тағы да бiр 360 орындық балабақша қазақ балаларына берiлетiн болды. Мектептiң тiрегi де әрi базасы да осы балабақшалар емес пе? Алайда қазақ мектептерiнiң тағ­дыры қилы-қилы күрессiз, жанталассыз еш нәрсеге қол жеткен емес-тi. Бiзге келгендердiң проблемалары шаш-етек­тен болып жатады. Мәселе де бiрден ше­шiлiп кете қоймайды. Жүйкеңдi жұқартып, дiңкеңдi кұртып барып, әрең-әрең дегенде кейде шешiлiп, кейде қозғалыссыз қала беретiнi бар. Бiр мәселенi шештiк қой десек, әлi шешiлмеген тұстары шыға келедi. Жел айдаған қаңбақтай №129 мектепте де ұзақ тұрақтап тұра алмадық. 1989 жылы "Айнабұлақ-2" ықшам ауданында 1260 орындық мектеп құрылысы салынып, ол жаңа оқу жылында пайдалануға берiлетiн болды. Баяғыдан берi көксеп келген жеке отауға, бөлек мекенжайға ие болсақ деген арман. Бiрақ бұл болашақ мектеп те орыс кластарына берiлмек екен. Ендiгi мақсат қалайда осы мектептi алу. Үш жылда оқушылар саны 120 баладан аспапты. Оның 20 шақтысы бiтiрушiлер, сонда қалғаны 100 бала ғана! Мектепке 1000 бала қажет, оны қайдан алмақпыз?

Аудандық оқу бөлiмiнiң меңгерушiсi Шәрiпхановқа барып ақылдасып едiк, бұған дейiн бiзбен қарсыласуға үйренiп қалғаны соншалық, түсi бұзылып кеттi. Ол бiрден: «Мен мұны шеше алмаймын, қазақ балаларының саны жетпейдi», деп кесiп айтты. Бiздiң мiндетiмiз оны хабардар етiп, пiкiрiн алдын ала бiлiп алу едi. Ендi тығырықтан шығатын жол iздеу керек. Қайда барсақ та алдымыздан бала санынының жетiспеушiлiгi бас­ты сылтау болып шыға беретiнi белгiлi болды. Мәселенi алдымен оқушылардың мектеп ашуға қажет санын шешiп алмай қою нәтиже бермесi анық. Басқа мектептерден балалар ауыстыра аламыз ба? Орыс кластарынан балаларды қазақ клас­тарына көшiрген жағдайда бала саны шешiле қоя ма? Бала санына келгенде жiгiттердiң де, жүгiрiп жүрген ата-аналардың да екпiн-арыны су сепкендей басылып, жiгерi құм болып қалды. Өз елiмiзде, өз жерiмiзде, қаладағы бала санының жетiспеушiлiгiнен жаңа салынып жатқан мектептен айырылып қалатын түрiмiз бар. Жалпы мектеп салғанда бұған дейiн балалардың санын, тiзiмiн кiм алыпты, ондай нәрсе практикада болып па екен? Бала санының аздығы қаладағы қазақтардың үлес салмағының да аздығының бiр көрiнiсi болса қайтейiк. 80-шi жылдары халқының саны 1 млн-ға жетiп қалған Алматыда қазақтар 10%-дан сәл-ақ қана асатын. Өз астанасында осыншама аз санды халыққа айналған шамасы бiз ғана шығармыз. Өкiнерлiк болса, да ащы шындық осы. Дегенмен, барлық жағдайды екшеп, салмақтай келе, ендi қалайда жарты жолда кiдiрiп қалмай, бастаған iстi соңына дейiн жеткiзу керек деп бiлдiк. Қазақ мектебi үшiн, қазақ тiлi үшiн күресiмiздi жалғастыра беретiн болып келiсiмге келдiк. Алған бетiмiзден қайтпасымызды көрген кейбiр ата-аналар күйiнiп: «Бұл күрестерiңнен түк те шықпайды. Босқа әуреге түсесiңдер. Жаңа мектеп бәрiбiр қазақ балаларына берiлмейдi», деп, онсыз да күйiп-пiсiп жүргенiмiзде шымбайымызға тию­мен болды.

Жатсам да, тұрсам да әлгiлердiң та­балауы ойымнан бiр шығар емес. Тұй­ық­тан шығар жол iздеп, неше күн ой үстiнде жүрдiм. Ұстар жiптiң ұшына қол тигiзе алмай-ақ қиналғаным бар. Ақыры жол табылғандай болды. «Бәрiбiр бiз бала санын 1000-ға жеткiзе алмаймыз. Ол келешектiң iсi. Мына салынып жатқан мектептi қалайда қазақ мектебi ретiнде ашып, бiр қанатында қазақ мектебiнiң 100 баласын оқытып, екiншi қанатын №118 орыс мектебiнiң бастауыш кластарына уақытша беру керек. Дұрыс жол осы болмақ», - деген ой келдi. Бiрақ мектеп мiндеттi түрде қазақ мектебi болып ашылуға тиiс. Бұл басты әрi принциптi мәселе. Ары кетсе екi-үш жылдың iшiнде мектептiң iшi қазақ балаларына толатын болады. Мiне, сол кезде №118 мектептiң бастау­ыш класс оқушылары өз мектебiне қайта көшiрiледi. Дұрыс шешiмнiң оңтайлы да, бiз үшiн тиiмдi жолы да осы деген ой көкейiме қонды. Шөкеңе айтып едiм, бiрден қолдады. Өзi қаланың «Орбита» ауданындағы мектеппен айналысып жатқан болатын. Iсмiзге сәттiлiк тiледi. Сол жолы ата-аналар жағынан то­­бымызға ақын Ғабиден Құлахметов қо­сылды.
Аудан басшысы Долженков, идеология жөнiндегi хатшы Л.Овчаренко, атқару комитетi төрағасының орынбасары Т.Шлыкова, оқу бөлiмiнiң меңгерушiсi С.Шәрiпханов қатысқан шағын мәслихат түрiнде өткiзiлген жиынның күн тәртiбiне осы мәселенi қойдық. Өзiм мәселе жөнiнен бiраз түсiнiктеме бердiм. Мектептi қазақ мектебi деп ашу керектiгiн ұсындым. Сөз арасында мұның ұлттық, психологиялық та маңызы барын, ата-аналар алғаш рет өз балаларының мектебiнiң ашылғанын көздерiмен көрiп, сезiнетiнiн тiлге тиек еттiм. «Қыркүйекте бала саны 500-ге жетпек, ал екi қабатты мектептiң екiншi қанатын, 1 спорт залымен (2 спорт залы бар) қоса №118 орыс мектебiнiң бас­тауыш кластарына уақытша берiлетiн болмақ, бала санының жетiспеушiлiгiн уақытша осындай жолмен шешкен жөн. Әзiрше жылдар бойы қордаланып, шешiмi табылмай бүгiнгi күнге дейiн жеткен түйткiл мәселенiң мұнан басқа тиiмдi жолын көрiп тұрған жоқпыз», - деп сөзiмдi түйiндедiм. Бiр қарағанда жөнсiз, буынсыз жерге пышақ ұрғандай көрiнетiн бұл ұсыныс үстiрт қараған кiсiге солай көрiнедi. Долженков басқарған аудан басшылары бiрден жауап қатпады. Ол не айтасың дегендей аудандық оқу бөлiмiнiң меңгерушiсi Шәрiпхановқа қарады. Оның ойы бiзге белгiлi. Әдетiне басып, бұра тартып кете ме деп өзiм киiп кеттiм. «Бiз күн тәртiбiне қойып отырған ұлттық мектеп мәселесi дәл қазiр шешiлмейтiн болса, онда өкпелемеңiздер. Бiрiншi басшыдан бастап, бәрiңiздiң мойныңызға кiнә артылады. Обьективтi жағдай бiзге солай iстеуге мәжбүрлейдi. Орыс мектептерi қалада онсыз да жеткiлiктi. Сондықтан кiнә арқаламаудың, дұрыс жол табудың бiр ғана сара жолы бар. Ол жол - шағын континенттi қазақ балаларына бұл мектептi басы бүтiн беру. Одан ешкiм де ұтылмайды, қысым да көрмейдi, қайта ұтатын болады»,- дедiм дауысымды көтере сөйлеп. Шәрiпханов iркiлiп қалды. Стол басына жиналғандар да осы ұсынысты қолдады. Л.Овчаренко, Т.Шлыкова да келiсiп: «Бұл мәселенi осылай шешкенiмiз жөн. Ата-аналардың ұсыныс-тiлегi орынды»,- дедi. Көпшiлiк пiкiрiн тыңдап, ойын тұжырымдаған бiрiншi басшы Долженков:

Жаңадан салынып жатқан №137 орта мектеп басы бүтiн қазақ балаларына берiлетiн болсын. Бiз осындай шешiм шығарайық, қалалық тиiстi орындарға жиналыстың арнайы хаттамасын әзiрлеңiздер. Жаңа директордың кандидатурасын қарастырыңыздар. Ол салынып жатқан құрылыстың барысын, сапасын қадағалайтын, бiткеннен кейiн қабылдап алатын болсын. Балалардың мектепке келуiн, оқушылармен қамтамасыз етудi бiрлесiп ұйымдастырыңыздар, оған қарсылық жоқ. Мектеп 1 қыркүйекте пайдалануға қалайда берiлетiн болуға тиiс. "Алматыкультбытстрой" басқармасымен өзiм де сөйлесiп, тездетудiң жолдарын қарастырамын. Келгендерiңiзге, ашық әңгiме, ұсыныс, талап қойғандарыңызға рахмет! Сiздерге алдағы күндерде де кез келген уақытта есiгiмiз ашық. Бұл мәселенi түбегейлi шештiк деп санайық, - дедi.
Сонымен айлап мазаны алған, талай түндер ойды жеп, жанды қинаған шешiлуi қиын, әбден шиеленiп тас түйiн болып қалған мәселенiң түйiнi ендi шешiлiп, тарқатылып сала бердi. Ауыр жүк арқадан түстi, тас түйiн болып ширатылып келген жүйкемiз де босап, кеудемiз көтерiлiп қалды. Ойланып, толғанған кiсi тығырықтан қалайда жол табатынына, болмағанда амал табатынына жұрттың көзi жеттi. Ата-аналар да тоқтап қалған iстiң кедергiсi алынып, халық пайдасына шешiлгенiн естiгенде әлгi бiздi табалағандардың ауыз­дарына құм құйылды. Ал жұрттың қуанышында шек жоқ.

Бала саны жүзге жетер жетпес бол­са да №137 мектепке қазақ орта мектебi деген атау берiлдi. 1989 жылы 31 тамызда мектеп алдында киiз үй тiгiлiп, мал сойылып, қазан көтерiлдi. Қымыз, шұбат алдырылып, мектептiң ашылу салтанатына мәдени шаралар ұйымдастырылды. Аудан басшыларынан бастап, елiмiзге белгiлi ғалымдар Ә.Қайдаров Т.Кәкiшев, М.Мырзахметов, жазушылар С.Жүнiсов, Ш.Смаханұлы, Х.Абдуллин, республикалық газет-журнал, телевизиядан, радиодан тiлшiлер шақырылды. Мектептiң алдындағы аулаға ата-аналар лық толды. Бастауыш класқа балаларын жетелеп келген кiсiлердiң жүздерi бал-бұл жанады. Қазақ мектебiнiң алғашқы қоңырауы соғылып, салтанатты түрде ашылу рәсiмi басталды. Содан кейiн балалар кластарына орналастырылып, келген қонақтар алғашқы әңгiме, ақыл, кеңес, жүрек жарды лебiздерiн оқушыларға арнады. Бояуы әлi кеуiп үлгермеген сыңғырлаған жаңа мектепке 500-дей бала жиналды. Жобалағанымыздай болып шықты, барлық кластарда балалар саны жеткiлiктi болды. Әсiресе бастауыш кластарда оқушылар көбiрек екен.

Алғаш рет №118 мектепте 1986 жылы ашылған қазақ кластары уақыт өте келе №129 мектепке көшiрiлiп, одан мiне 1989 жылы №137 қазақ орта мектебi болып қайта ашылды. Мектеп тарихы 1986 жылдан басталады. Оның ашылған жылы нақ сол дүрбелеңге толы дүние жүзiнiң назарын аударған 1986 жыл болып есептеледi. Биыл бұл мектептiң ашылғанына 20 жыл толып отыр. Мектептi ашуға ат- салысқан азаматтар Шона Смаханұлы, Марат Тоқашбаев, Б.Мұқашев, Ғабиден Құлахметов, Марат Әбдiхалықов, Бейбiтбаева, Медет Қайырғалиев, Мұқамеджан Әлiмбаев, Қ.Ерешевтiң есiмдерiн iлтипатпен еске алып өту парыз. Бұл азаматтардың бiразы бүгiнде ор­тамызда жоқ.
Екi жылдан соң №137 мектептегi балалар саны мыңнан асып, екi ауысыммен оқитын деңгейге жеттi. Сол кезде уақытша қоныстандырылған орыс бастауыш кластары өз мектептерiне көшiрiлдi. Бұл жай қазақ мектебi тарихында сирек кездесетiн тарихи оқиға болды. Бiздiң күрес басқаларға серпiлiс бердi.
Шона Смаханұлы:
№137 мектептiң ашылуы қазақ мектептерiнiң алда көптеп ашылуына мысал болатын болды. Жалтақтамай жүргiзген сенiң жобаң жаңа жағдайда пайдаланатын жоба болды, деп қолымды қысты, шын риясыз көңiлiмен қуанышын бiлдiрдi.

27.10.2011

Мұхтар ҚАЗЫБЕК,
М.Х.Дулати қоғамдық қорының директоры

http://www.turkystan.kz/page.php?page_id=31&id=6773

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1584
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2284
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3622