Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3560 0 пікір 1 Қараша, 2011 сағат 06:25

Сайттағы сорақылық

2011 жылдың 20 қазанында «Тенгринюс.кз» сайты «Қазақстан халқының 1/3 бөлігі Ресейге және Шығыс Еуропаға көшуге дайын» (В Казахстане треть населения готова эмигрировать в Россию и Восточную Европу) деген мақаланы жариялады. Мақаладағы мәліметке сүйенсек, сұрау жүргізілгендердің 28,5 пайызы Қазақстаннан кетуге әзір отыр. Оның ішінде кетуге біржола бекінгендері 11,8 пайыз, жоспарлап отырғандары 48 пайыз деп көрсетілген. Олардың кетуіне материалдық-қаржылық жағдай мен мемлекетіміздің тіл саласындағы саясаты себеп болыпты. Енді біреулері: «Ешқандай келешекті (перспектива) көрмеуімізден», - деп жауап берген. Сондай-ақ, «Әрбір алтыншы қазақ, әрбір екінші орыс, сонымен бірге басқа ұлт өкілдерінің тең жартысы елден кеткісі келеді» деп жазады. Бұл дерек - Саяси шешімдер институтының беріп отырған мәліметі.

Аталған сауалнамаға барлығы 2294 адам қатысқан. Соның ішінде Қазақстаннан кетуге дайын екені - 28,5 пайыз. Яғни 653 адам ғана осындай ойы бар екенін айтқан.
Қазақстан халқының саны, соңғы ресми деректерге сәйкес, 16,6 миллион адам екенін ескерсек, сол халықтың 0,01 (нөл бүтін жүзден бір) пайызының (2294 адам), оның ішінде 0,004 (нөл бүтін мыңнан төрт)  пайыз (653 адам) адамының пікірін ескере отырып «Халықтың 1/3 бөлігі Қазақстан­нан кеткелі жатыр» дегені не масқара?  

2011 жылдың 20 қазанында «Тенгринюс.кз» сайты «Қазақстан халқының 1/3 бөлігі Ресейге және Шығыс Еуропаға көшуге дайын» (В Казахстане треть населения готова эмигрировать в Россию и Восточную Европу) деген мақаланы жариялады. Мақаладағы мәліметке сүйенсек, сұрау жүргізілгендердің 28,5 пайызы Қазақстаннан кетуге әзір отыр. Оның ішінде кетуге біржола бекінгендері 11,8 пайыз, жоспарлап отырғандары 48 пайыз деп көрсетілген. Олардың кетуіне материалдық-қаржылық жағдай мен мемлекетіміздің тіл саласындағы саясаты себеп болыпты. Енді біреулері: «Ешқандай келешекті (перспектива) көрмеуімізден», - деп жауап берген. Сондай-ақ, «Әрбір алтыншы қазақ, әрбір екінші орыс, сонымен бірге басқа ұлт өкілдерінің тең жартысы елден кеткісі келеді» деп жазады. Бұл дерек - Саяси шешімдер институтының беріп отырған мәліметі.

Аталған сауалнамаға барлығы 2294 адам қатысқан. Соның ішінде Қазақстаннан кетуге дайын екені - 28,5 пайыз. Яғни 653 адам ғана осындай ойы бар екенін айтқан.
Қазақстан халқының саны, соңғы ресми деректерге сәйкес, 16,6 миллион адам екенін ескерсек, сол халықтың 0,01 (нөл бүтін жүзден бір) пайызының (2294 адам), оның ішінде 0,004 (нөл бүтін мыңнан төрт)  пайыз (653 адам) адамының пікірін ескере отырып «Халықтың 1/3 бөлігі Қазақстан­нан кеткелі жатыр» дегені не масқара?  
Оның үстіне азаматтардың Қазақстаннан кетуге бел бууының бірінші себебі деп азаматтардың материалдық-қаржылық жағдайының нашарлауы деп көрсеткен.
Орташа айлық жалақы 2007 жылғы 53 мыңнан 2011 жылы 93 мың теңгеге дейін артқанын, Ұлттық әл-ауқат деңгейі жөнінен әлем мемлекеттерінің рейтингінде Қазақстан өткен жылы 26-сатыға көтеріліп, 110 ел арасынан 50-орынға ие болғанын, біздегі орташа айлық жалақы 5 жарым  есеге, зейнетақының орташа көлемі 4 есеге көбейгенін, 1994 жылы жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім жеті жүз доллардан сәл ғана асса, 2011 жылдың 1 қарашасына қарай бұл көрсеткіш 12 еседен артық өсіп, 9 мың АҚШ долларынан асып түскенін ескерсек, «материалдық-қаржылық жағдайдың нашарлауы себепті әр алтыншы қазақ, әрбір екінші орыс, сонымен бірге басқа ұлт өкілдерінің тең жартысының елден кеткісі келеді» дегенді бұл институт қайдан алып отыр?
Тәуелсіздіктің алғашқы 20 жылында мұндай нәтижеге ешқандай ел қол жеткізе алмағанын әлемдік тәжірибе растайды. Мысалы, егемен дамудың алғашқы жиырма жылында жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім Оңтүстік Корея­да - 3 есе, Малайзияда - 2 есе, Сингапурда - 4 есе, Венгрияда - 5 есе, Польшада 4 есе өскен. Бұл - мәселенің бір жағы ғана.
Аталған зерттеушілер азаматтардың елден кетуінің себебі - мемлекеттің тіл саясаты деп атап көрсетуде.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 7-бабының 3-тармағына сәйкес «Мемлекет Қазақстан халқының тiлдерiн үйрену мен дамыту үшiн жағдай туғызуға қамқорлық жасайды». Ал 9-бабына сәйкес «Әркiмнiң ана тiлi мен төл мәдениетiн пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тiлiн еркiн таңдап алуға құқығы бар». Бүгінгі таңда ата заңның бұл қағидасы толық орындалған. Елімізде қоныстанған 140-қа жуық ұлт өкілінің ешқайсысының тілі шектетіліп немесе кемсітілген емес.Мұны елімізде өмір сүріп отырған кез келген ұлт өкілі дәлел бола алады. Қазіргі таңда 108 мектепте 22 этностың тілдері жеке пән ретінде оқытылса, 88 мектепте білім алу орыс, өзбек, тәжік, ұйғыр және украин тілдерінде жүзеге асырылады.
Негізгі Заңымыздың 7-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк тiл - қазақ тiлi. Елбасымыз атап айтқандай, «мемлекеттік тіл - барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы» екендігін әрқашан есте сақтауымыз керек. Сондықтан, мемлекеттік тілді меңгеру - әрбір қазақстандықтың асыл парызы.
Сондықтан, кез келген ұлт өкілі үшін тұрақтауға жері жайлы, өмір сүруге елі жайлы, өз мәдениетін, тілін, дәстүрін дамытуға және жаңғыртуға барлық жағдай жасалып отырған елдің «тіл саясаты азаматтардың елден кетуіне себеп болып жатыр» дегені зерттеушілердің қай сасқаны? Мемлекеттің өз тілін өркендетем дегені - өзгені  төмендетем дегені емес қой!   
Байыппен қарар мәселенің бірі - осы. 
Жоғарыда айтып кеткенімдей, аталған институт мамандарының айтуынша, «Азаматтардың елден кетуіне тағы бір себеп - ешқандай келешекті (перспектива) көрмеуінен» екен?
Қазақта мақал бар, «Біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді» деген. Меніңше, бұл - тойып секіргеннің сергелдеңі. Әлемнің дамыған еңселі елу елінің қатарына қосылуға ұмтылған, жаста болса бас болып Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастық, Еуропалық Қауіпсіздік Ынтымақтастық Ұйымы, Ислам Ынтымақтастық Ұйымы сынды ұйымдарға төрағалық еткен, өзіндік стратегиялық даму жоспары бар елдің келешегін көрмеу деген не сөз?  Ел келешегі жоқ болса, тәуелсіздік жылдарында ел экономикасына 120 миллиард доллардан астам шетелдік инвестиция құйылмас еді. Ұлттық әл-ауқат деңгейі жөнінен 110 ел арасынан 50-орынға көтерілмес еді.
Ал енді біз елдегі сыртқы көші-қон мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы статистика агенттігі берген ресми мәліметке сүйенейік. 
2010 жылы елімізден 393056 азамат шетел асса, 408521 адам Қазақстанға тұрақты тұру үшін келген. Оның ішінде 329403 қандастарымызды есептемегенде, 44568 орыстар, 5497 украин, 1110 беларусь, 2988 өзбек, 2297 әзірбайжан, 3588 шешен, 3139 корей, 3605 неміс, 3277 ұйғыр және басқада 100-деген ұлт өкілдері Қазақстанға қоныс аударған. 
Оның ішінде еңбекке жарамды жастағы 314834 азамат шетелге тұрақты тұруға кетсе, керісінше, біздің елге 325974 азамат келген. Сонымен қатар нақты мамандықтар бойынша 14890 азамат елден шетелге кетсе, 12366 нақты мамандық иесі Қазақстанды тұрақты тұратын мекені ретінде таңдап келген.
Оның үстіне, ресми болмаса да, халық арасында басқа ұлт өкілдерінің елден өз туған отанына тоқырау жылдары көшіп кетіп, енді гүлденген Қазақстанға қайта оралып жатқаны туралы хабарларды көптеп естиміз.
Мен бұл мәселені неліктен көтеріп отырмын?! Көші-қон мәселесі - мемлекеттік саяси мәселе. Оған атүсті қарамау керек деп ойлаймын.  Себебі, мемлекетті адами ресурс құрайды. 
Ал мына мақала мүлдем шындыққа жанаспайтын, ел арасына теріс ой қалыптастырушы, «жақсы - байқап сөйлердің» емес, «жаман - шайқап сөйлердің» кебін киген мәлімет деп түсінемін.
Біздің халық қашаннан боздағанға басу, жоқтағанға жоралғы айтқан, адасқанды аластамаған, қателескенді кері итермеген, жатты жатырқамаған, қайбір қиын заманда болмасын, көзі мен сөзіне қарап бөлмеген, шаңырағының астынан пана берген, қара нанын бөліп жеген халық емес пе?
Сонау сұрапыл соғыс кезінде де, одан кейінгі солақай саясаттың кезінде де қуылып келгенді құрдымға жібермей, айдалып келгенді айыптысың да демей, өз бауырындай көріп, талайларды қамқорына алды емес пе? 
Ал мынадай мақалаларға жол беру, еліміз, жеріміз туралы азаматтар арасында, шетелдік әріптестеріміздің алдында өзгедей жарнама жүргізу деп есептеймін. Бұл - мақала, біріншіден, біздің мемлекетті, басқа адамдардың патриоттық сезімдерін құрметтемейтін, ұлттар арасында іріткі салушы мақала, яғни бұл мәліметтің негізділігі мен заңдылығына құқықтық тұрғыдан баға беру қажет деп есептеймін.
Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» заңыныңа сәйкес, «Қазақстан Республикасының прокуратурасы мемлекет атынан Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi Жарлықтарының және өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл және бiрыңғай қолданылуына жоғары қадағалауды жүзеге асырады».

Жоғарыда баяндалғандардың негізінде сізден мұндай мәлеметтердің жариялануы мен алынған көздерінің заңдылығына прокурорлық ықпал ету шарасын қолданып, атқарылған шаралар нәтижелері туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Заңының 27-бабына сәйкес жазба түрде  жауап жолдауыңызды сұраймын.

Берік БЕКЖАНОВ, Мәжіліс депутаты

http://jasqazaq.kz/post/saitta%D2%93y-sora%D2%9Byly%D2%9B

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2264
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3558