Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3220 0 пікір 28 Қазан, 2011 сағат 17:03

Тоқаев пен Назарбаев БҰҰ қызметін талқылады

Астана. 28 қазан. ҚазТАГ - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ бас хатшысының орынбасары - БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің бас директоры Қасым-Жомарт Тоқаевты қабылдады, деп хабарлады жұма күні президенттің баспасөз қызметі.

«Қ. Тоқаев мемлекет басшысына БҰҰ-ның ағымдағы және алдағы қызметі туралы ақпарат берді. БҰҰ бас хатшысының орынбасары президенттің БҰҰ бас Ассамблеясының 66-шы сессиясында сөйлеген сөзі халықаралық қоғамдастықтың қызығушылығы мен оң пікірін тудырғанын атап өтті», - делінген Ақорда сайтында.

Сондай-ақ, Қ. Тоқаев БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мунның сәлемі мен жылы лебіздерін жеткізді.

0 пікір