Сәрсенбі, 17 Сәуір 2024
Билік 3389 1 пікір 6 Мамыр, 2020 сағат 11:47

Тамара Дүйсенова Президенттің көмекшісі болды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Дүйсенова ҚР Президентінің көмекшісі қызметіне тағайындалды. 

-Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалсын,-делінген хабарламада.

Ол еңбек жолын Сарыағаш ауданында мектеп мұғалімі болып бастаған.

1988 – 1992 ж. Өзбекстан Мемлекеттік жоспарлау комитетінің есептеу орталығының экономика ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер,

1992 – 1993 ж. Сарыағаш аудандық әкімшілігінде аға экономист,

1994 – 1999 ж. әкімнің кеңесшісі, орынбасары, бірінші орынбасары,

1999 – 2002 ж. облыс әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.

2002 жылдың қыркүйек айынан ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің вице-министрі.

2008 жылдың қаңтарынан бері - ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы қызметтерін атқарған.

2013 жылғы ақпаннан бастап - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.

2013 жылдың 10 маусымы - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің уақытша қызметін атқарушы

2013 жылғы 27 маусымда - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.

2014 жылғы 6 тамызда - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі болып тағайындалды.

2017 жылғы 25 қаңтар - 2018 жылғы 9 ақпан - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

22 ақпан 2018 ж. - 09 шілде 2019 ж. - «Нұр Отан» партиясының хатшысы

2019 жылғы 15 шілде - 2020 жылғы 5 мамыр - «Адами ресурстарды дамыту орталығы» АҚ басшысы болды.

Abai.kz

1 пікір