Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3052 0 пікір 28 Қазан, 2011 сағат 16:58

Қытай 3-ші суперкомпьютeрлік орталығын ашты

Бейжің. 28 қазан. ҚазТАГ - Қытайдың Цзинань қаласында 27 қазанда ресми түрде 3-ші мемлекеттік суперкомпьютерлік орталық ашылды. Онда тұңғыш рет жылдамдығы секундына 1 квадрилион амал орындайтын қытайлық процессорлармен және бағдарламамалармен қамтамасыз етілген есептегіш жүйелер орнатылды, деп хабарлады «Синьхуа».

Бұл дегеніңіз, Қытай әлемде АҚШ, Жапониядан кейінгі 1 квадрилион амал орындайтын суперкомпьютер жасай алатын үшінші мемлекет деген сөз, делінген хабарда.

Белгілі болғандай, цзинаньдық суперкомпьютерлік орталықты салуды Шандунь ғылым академиясы биылғы жылдың наурызында бастаған болатын. Жақында жаңа орталық салынып бітіп, пайдалануға тапсырылған.

Қытайдың ғылым мен техниканы дамытудың ұзақ мерзімдік жоспарында тиімділігі жоғары ЭЕМ жасау басым бағыттарына енгізілген.

Қытайдағы бірінші және екінші суперкомпьютерлік орталықтар елдің солтүстігіндегі теңіз жағалауындағы Тяньцзинь және оңтүстіктегі Шэньчжэнь қалаларында салынған болатын.

0 пікір