Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3294 0 пікір 27 Қазан, 2011 сағат 09:24

Қазақстан ауыл шаруашылық дақылдардың экспортына тыйым салуды жоспарлап отырған жоқ

Астана. 27 қазан. ҚазТАГ - Қазақстан ауыл шаруашылық дақылдардың экспортына тыйым салуды жоспарлап отырған жоқ, деп хабарлады бейсенбі күні ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің (АШМ) жауапты хатшысы Евгений Аман.

«Бұл мәселені қарастыру үшін негіз жоқ деп ойлаймын. Бізде ауыл шаруашылық өнімдерінің барлық түрлері жеткілікті көлемде бар», -деді Е. Аман елімізде қандай да бір ауыл шаруашылық дақылдардың экспортына тыйым салу жоспарланып отыр ма деген сұраққа жауап бере отырып.

Еске сала кетейік, 2010 жылдың қазанында Қазақстан қарақұмық, өсімдік майы мен майлы дақылдардың тұқымын экспорттауға 2011 жылдың наурызына дейін тыйым салған болатын.

0 пікір