Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
Ақмылтық 7066 16 пікір 4 Мамыр, 2020 сағат 12:05

Қытай да, Ресей де қауіпті...

Мемлекеттер арасында мəңгі достық пен мəңгі одақтастық болмайды-ау. Сондықтан біздің екі көршіміз - Қытай да, Ресей де бізге қауіпті. Бүгінгі таңда Қытай да, Ресей де экономикалық дағдарыс тауқыметтерін агрессия арқылы шешкісі келеді. Сондықтан, Ресей Украинаға, ал Қытай Вьетнамға жəне басқа мемлекеттерге соқтықты.

Қытай толық нарықтық экономикаға өтпесе, хроникалық дағдарыстан шыға алмайды. Бара келе бүгінгі жағдай сақтала берсе, Қытай қызыл коммуно-авторитаризм экономикасын дағдарысқа тікелей апарады. Коммунистік идеология классикалық нарыққа жол бермейді. Ал классикалық нарықтық экономикалардың өзінде де циклдық дағдарыстан ауқын-ауқын өтіп тұрады. Бірақ, классикалық нарықтық қатынастар мен буржуазиялық құқық жүйе орныққан елдерде əр циклдық дағдарыстан нарықтық экономика айығып, оңалып, күшейіп шығады.

Сонымен, Қытай мен Ресей - көршілеріне қауіпті мемлекеттер. Себебі олар кемел капитализм мен нарыққа жетпеген. Сондықтан, аталған екі мемлекет ішкі дағдарыстар мен халық нарызылығын канализациялау жолын əскери агрессия, көршілерін жаулау арқылы шешкісі келеді. Кезінде Қытай Вьетнамға шабуыл жасап, тойтарыс көрген. Ресейдің Украинаға агрессиясы да сол сипатта. Түбі Ресей де сəтсіздікке ұшырайды.

Біріккен Еуропа мен АҚШ экономикалық санкция жолымен Ресейді буындырып, тұншықтырмақ. Украина Қырым жарты аралынан айырылып, Луганск пен Донецк облыстарына Ресей ланкестерін жіберіп алды. Бірақ, бұдан ары агрессияға көнгісі жоқ. Украина Біріккен Еуропа мен АҚШ-қа сүйене отырып, Ресеймен ұзақ уақытқа созылатын əскери-саяси теке-тіреске түспек. Түбі Ресей Украинадан аннексияланған территорияларды қайтаруға мəжбүр болады. Украинаға мың да бір рахмет. Украина Ресейдің агрессивтік аранын тежеп отыр. Ресей соңғы алты жылдық экономикалық рецессиядан шыға алған жоқ. Енді міне, коронавирус қосымша соққы болмақ.

Қазақстанға тек Біріккен Еуропа (Еуропалық Одақ ) пен АҚШ-НАТО əскери-саяси бірлестігі ғана кепілдік бола алады. Сондықтан, біз Еуразиялық мемлекет ретінде Еуропалық Одақ пен НАТО-дан пана таба аламыз. Бірақ, Ресей мен Қытайдың бізді ол ұйымға жіберу туралы ойы да жоқ. Ол бір жағынан, ал екінші жағынан Еуропалық Одақ демократиялық стандарт деп, тым қиын талап қоймақ. Бірақ, егеменді Қазақстанға Батыстық вектор өте маңызды. Батысқа бет алу - біз үшін экономикалық, əлеуметтік, саяси прогресске жету жолы. Сонымен, Еуропалық Одақ пен НАТО мүшелігіне жету - біз үшін түпкі мақсат.

Қазақстанның капитализміне құқықтық кепілдік пен саяси демократия жетпей тұр. Егер Президент Тоқаев уəде берген демократиялық үрдіс жүзеге асса, экономикамыз қосымша импульс алмақ. Классикалық капитализм құқықтық жəне саяси демократиясыз алға жылжымайды. Бұл капиталдың заңды сипаттағы даму ерекшілігі.

Қазақ саны тəуір өсіп келеді - жылына 265 мың адамға. Қазақ иммиграциясы, оралмандар ағымы, соның ішінде Қытай мен Өзбекстаннан келушілер үлесі қомақты. Бірақ, Қытай оралман қазақтың келуін азайтты. Қорыта айтсақ, қазаққа ешбір мемлекетпен әсіре жақындаспай, не жауласпай, экономикамыз бен қазақ санын өсіру керек.

Əзімбай Ғали

Abai.kz

16 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1719
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1691
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1416
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1343