Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3405 0 пікір 27 Қазан, 2011 сағат 06:50

Құрбан айтқа дейін 70 баланы құрбандыққа шалатын көрінеді...

Редакциямызға суыт хабар келіп түсті. Бізге қоңырау шалған Қызылорда  облысы Шиелі ауданының тұрғыны ауылды үрей билеп тұрғанын айтады.  Аты-жөнін жарияламауды өтінген хабаршының сөзіне сенсек,  әсіредіншілдер құрбан айтқа дейін 70 баланың басын шауып, құрбан шалатын көрінеді. «Үрейленген ата аналар балаларын  мектептке жеткізіп тастап, алып  кетіп жүр», - дейді редакциямызға суыт хабар жеткізіп отырған адам. Ол сөз арасында өзінің мектепте сабақ беретін мұғалім екендігін аңғартты. Мұғалім жанкешті топ «70 емес, 200 адамға дейін құрбандық шалуға бел байлапты» деген қауесет те қаулап барады дейді.

«Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайтыны» екібастан белгілі жайт. Демек, ел ішін үрейлендіріп жатқан сөзге құзырлы орындар мән беруі керек. Оның үстіне «REUTERS»  ақпарат агенттігі

«Джунд аль Халифат»  («Халифат сарбаздары») экстремистік тобының мүшелері Қазақстан билігіне көпшілік орындарда намаз оқуға тиым салатын заңның  күшін жою турасында  талап қоя бастағанын  хабарлайды.    Егер «Халифат сарбаздарының» бұл талаптары орындалмаса, Қазақстанға  қатер төнуі мүмкін екенін ескертіпті.  «Джунд аль Халифат» ұйымының ғаламторға шығарған бейнематериалында  мұздай қаруланған төрт жанкешті көрсетілген. Олардың біреуі жоғарыдағы талаптарын қағаздан  оқып отыр.  Жанкештілер сөзінің жалпы мазмұны: "Егер сіздер заңның күшін жоймасаңыздар, біз сіздерге қарсы амал қолдана бастаймыз" дегенге саяды. Бейнесюжет ғаламторға 21 қазан күні шыққан. Радикалды ұйымның мүшелері бұл оқиғаның Тунис, Ливия және өзге де араб елдеріндегі ахуалға  ұқсас  оқиғалармен аяқталуы мүмкін екенін айтыпты.

Оңтүстік жұртын дүрліктіріп жатқан қауесеттің астарында бәлкім,  ғаламтордан тараған әлгіндей жаманат хабардың ықпалы да бар шығар...

«Абай-ақпарат»

0 пікір