Жұма, 19 Сәуір 2024
Билік 7601 6 пікір 1 Мамыр, 2020 сағат 14:13

Қандай нысандар ТЖ-дан кейін де жабық болады?

Президент төтенше жағдайдан кейін де жабық күйде қалатын нысандарды атады,- деп хабарлайды LS сайты. 

Тоқаевтың айтуынша, карантинді жартылай жеңілдету шараларын қабылдау әдеттегі өмір салтына қайта оралу емес. Сондықтан, ТЖ-дан кейін де көпшілік жиналатын бірқатар орындар жұмыс істемейді.

«Сауда-ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлар, мейрамханалар, саябақтар және басқа да көпшілік жиналатын орындар жабық болады. Сондай-ақ, университеттерде, колледждер мен мектептерде қашықтан оқыту жүйесі қалады», - деді Мемлекет басшысы.

Бұған дейін Тоқаев 11 мамырда жаңа төтенше жағдай туындамаса, Қазақстанда төтенше жағдай аяқталады деп мәлімдеген болатын.

Айта кетейік, Қазақстанда 12 наурызда сауда-ойын-сауық орталықтары мен кинотеатрларды уақытша жабылған болатын. Ал,13 - наурыздан бастап көпшілік жиналатын шараларды өткізуге тыйым салынды.

Abai.kz

6 пікір