Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3235 0 пікір 27 Қазан, 2011 сағат 05:33

Азамат Базарбаев. «Ректордың ісі» сотқа тапсырылды

Мұнайлы астананың «МГУ»-ін пәлекет бір айналдырғанымен қоймай, шыр айналдырып тұр. Ел құлағын елеңдеткен жаңалықтың соңғысы - Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры осыдан біраз бұрын парамен ұсталды.

Кеше жергілікті қаржы полициясы бастығының орынбасары Мұрат Ермекқалиев осы атышулы іске қатысты қосымша түсінік берді. Айтуынша, пара алды деп айыпталған Киікбай Жаулиннің қылмыстық ісінің тергеуі аяқталып келеді. Ол осы қазан айының соңына дейін соттың қарауына ұсынылады екен.

- Біз қазір сараптаманың қорытындысын күтіп отырмыз. Оны алғаннан соң облыстық прокуратура арқылы сотқа жолдамақпыз, - деді қаржы полициясының өкілі.

К.Жаулин - облыс көлемінде талай басшылық қызметтерде шыңдалған білікті кадр. Алайда, жоғары оқу орны басшысының креслосы оған құтты болмады. Орынтағына жуырда отырған Жаулин одан көзді ашып-жұмғанша ауып түсті. Жаңа ректорға тағылған айып - жергілікті ЖШС-і директорының бірінен қомақты сыйлық, анығында, жалпы құны 600 мың теңгенің бірнеше ноутбугын алған. Ал, оның адвокаты бүгінде өзгеше пікір айтуда. Қалай дегенде де бұл істің жайы, мәселенің мәнісі тергеу жұмысы аяқталғаннан соң анықталады.

Дегендей-ақ, Атырау университетін шыныменен қырсық шалған секілді. Алдыңғы ректор қызметінен аяқ астынан босап қалған. Одан кейінгісі, Астанадағы аттестациядан сүрінді. Енді міне, тағы да итырқылжың әңгіме.

...Айтпақшы, ректор К.Жаулиннің жақын туысы Б.Жаулиннің де дау-шары басылмай жатыр. Атырау қаласындағы №30 мектеп гимназиясына басшылық еткен ол 45 мың теңге пара алған екен. Сол үшін және істі болды. Кеше қаржы полициясы бастығының орынбасары экс-директор 2 жылға шартты түрде сотталғанын баяндады.

Атырау облысы

«Абай-ақпарат»

0 пікір