Жұма, 19 Сәуір 2024
Деп жатыр 3722 3 пікір 1 Мамыр, 2020 сағат 14:12

Covid-пен күрес. Қазақстан 51-орында!

Руслан Пряниковтың суреті

Қазақстан БҰҰ-ның коронавируспен күресуге қауқарлы немесе дайындық рейтингінде 51-орын алды. 189 мемлекеттің дайындығы сарапталған бұл зерттеуде Ресей 49-орында, Беларуссия 50-орында көрінеді.

БҰҰ зерттеуіне сәйкес, пандемиямен күреске ең көп дайындалған мемлекетттер ішінде Норвегия бірінші орында тұр. Әрі қарай, Швейцария, Ирландия, Германия және Қытай (Гонконг) орналасқан. Алғашқы ондыққа Австралия, Исландия, Швеция, Сингапур және Нидерланды кіріпті.

АҚШ 16-орында. Бельгия, Лихтенштейн, Жапония және Австрия жиырмалықты түйіндейді.

Ал індетпен күреске дайындығы ең нашар мемлекеттер: Чад (187-ші), ОАР (188-ші) және Нигерия (189-шы) екен.

БҰҰ жасаған бұл рейтинг мемлекеттердің даму деңгейі, денсаулық сақтау жағдайы және Интернетке қол жетімділік көрсеткіштері бойынша құрастырылған көрінеді.

Айта кетейік, бүгінде COVID-19 пандемиясын әлем бойынша 3 миллион 300 мыңнан астам адам жұқтырған. Індет ең көп тараған елдер: АҚШ (1 095 210 адам), Испания (239 639 адам), Италия (205 463 адам), Ұлыбритания (171 253 адам), Франция (167 178 адам).

Ал, Қазақстанда соңғы мәлімет бойынша індеттілер саны 3504-ке жеткен. 866 адам жазылып шығып, 25 адам қайтыс болды.

Abai.kz

3 пікір