Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3162 0 пікір 26 Қазан, 2011 сағат 05:23

Ұларбек БАЙТАЙЛАҚ, ақын: Нағыз әдебиетті қорқақтар мен жағымпаздар жасамайды

- Сұхбатымызды әуелі өзіңізден бастасақ. Бүгінге дейін қанша кітабыңыз жарық көрді, қай тақырыптарға көбірек қалам тартып жүрсіз?
- Әңгімені бастамас бұрын мына бір жайдың басын ашып алғым келеді, мен осы күнге дейін өзімді толыққанды ақын ретінде санаған емеспін, ол ертеңгі уақыттың шаруасы.
Кітаптарыма келетін болсақ, Алматыда анда-мұнда шығып тұратын құрама жинақтарды есептемегенде "Қанымдағы қасқыр иісі" атты жеке кітабым былтыр ғана жарық көрді, көлемі 6 баспа табақ. Оның өзі Жазушылар одағының Байланыс және Ақпарат министрлігімен келісімі арқылы Ұлықбек Есдәулет, Ғалым Жайлыбай, Жанарбек Әшімжан қатарлы ағалардың атсалысуымен "Жас толқын" сериясы бойынша шықты. Жалпы, өз басым бір кітапты тақырыбын өзгертіп қайта-қайта шығара беруге қарсымын. Енді Алла қаласа келер көктемге қарай Бейжіңдегі "Ұлттар" баспасынан "Күз жауған соқпақ" атты жаңа кітабым жарық көрмек. Шүршіттер қолында қалған Ұлы далаға деген құрметім мен сағынышым - күз жауған соқпақтарда шашылып жатыр...

- Сұхбатымызды әуелі өзіңізден бастасақ. Бүгінге дейін қанша кітабыңыз жарық көрді, қай тақырыптарға көбірек қалам тартып жүрсіз?
- Әңгімені бастамас бұрын мына бір жайдың басын ашып алғым келеді, мен осы күнге дейін өзімді толыққанды ақын ретінде санаған емеспін, ол ертеңгі уақыттың шаруасы.
Кітаптарыма келетін болсақ, Алматыда анда-мұнда шығып тұратын құрама жинақтарды есептемегенде "Қанымдағы қасқыр иісі" атты жеке кітабым былтыр ғана жарық көрді, көлемі 6 баспа табақ. Оның өзі Жазушылар одағының Байланыс және Ақпарат министрлігімен келісімі арқылы Ұлықбек Есдәулет, Ғалым Жайлыбай, Жанарбек Әшімжан қатарлы ағалардың атсалысуымен "Жас толқын" сериясы бойынша шықты. Жалпы, өз басым бір кітапты тақырыбын өзгертіп қайта-қайта шығара беруге қарсымын. Енді Алла қаласа келер көктемге қарай Бейжіңдегі "Ұлттар" баспасынан "Күз жауған соқпақ" атты жаңа кітабым жарық көрмек. Шүршіттер қолында қалған Ұлы далаға деген құрметім мен сағынышым - күз жауған соқпақтарда шашылып жатыр...
Жазатын тақырыбым, әрине, Ежелгі Сақ, Түркілер дәуірі. Сол заманның қуанышы, қайғысы. Бұл - осы дәуірден жазатын тақырып таба алмағандығымнан емес, соңымнан ерген бір оқырман болса соған ошақтан ары аттасаң-ақ құшақ ашатын далалық мінездің, Бөрі тектің, адамдық ардың сұлбасын болса да жүрегінде бейнелеп беру. Соған талпындыру. Әдебиеттің міндеті - ұрпақ тәрбиелеу екені шын болса, менің ұстанған мұратым да осы. Әркім өзінде барды жазады. Оқырман іздеп, жарнама жасап қаратерге түскен емеспін. Керек қылса оқиды, керек қылмаса Абай атам меңзегендей "іштегі запыранды азайту" ғана.

- "Күз жауған соқпақ" тіркесін ұлттық сөздік қорымыздан бұрын-соңды естімеген сияқтымын...
- Мен де осы тіркесті іздеп біраз кітаптар мен архивтерді, ғаламторды ақтардым, кезіктіре алмадым. Және бір өлеңімде "Жап-жасыл жүрек көктемге құштар, кешер ме мені күз жауған соқ-пақ..." деген өлең жолдары бар. Бұл өлеңім газеттер мен интернетке шығуы мұң екен, өлеңіне осы тіркесті көптеп қосатын, тіпті, тонын айналдырып кітабына тақырып қылып жібергендер де табылды. Сосын, ренжігеннің орнына қуандым, менен де сөз ұрлайтындардың шыққаны - босқа тыраштанып жүрмегенімнің жемісі шығар дедім.

- Сізді өткен мамыр айында Білім және Ғылым министрлігінің ішіндегі Мемлекет тарихы институтына қызметке тұрды деп естігенбіз. Іле жұмыссыз жүргеніңізді естідік...
- Ол айтуға да тұрмайтын әңгіме. Десе де сөз реті келді ғой, ол жерді бастабында өзге дамыған елдердегі сияқты мемлекет тағдырына күйінетін, ұлт тарихын зерделейтін қасиетті орын ретінде санағам. Сөйтсем... 20 күндей сынақта жүрдім, сосын қабылданатын болып құжаттарымды өткіздім. Сол аралықта институттың бір жауаптысы шақырып алды да, "Республика танитын мықты ақын екенімді айтып" президент-ке арнап көлемді поэма жазуымды тапсырды. Институттың басшысын да қоса кетумді ескертуді ұмытпады... Сол сәтте алдымда екі жол тұрды, бірі, поэма жазып сарай ақыны атану, екіншісі, жұмыстан кету. Мен соңғысын ерікті түрде таңдадым.

- Қазір жас ақындар арасында жағымпаздану, арнау өлең жазу белең алып кетті. Ақындар өзінің материалдық қажеттілігін қамтамасыз ету үшін амалсыздан осыған барып отыр ма, әлде қазақ поэзиясының ағымы солай кетіп бара ма?
- Жалпы, жағымпаздық біздің қоғамды құрт ауруындай дендеген жұқпалы індет екені баршаға аян. "Үлкендердің бір ойлағаны бар шығар" деп өзімізді жұбатсақ та, енді көктеп өніп келе жатқан осы жастарға не жорық деген ой мазалайды. Поэзия - ұлт рухының, адамзат сезімінің асыл жауһарынан қаланған қасиетті сарай ғой. Жағымпаздар, тоғышарлар ол есік-тен сығалауға қанша құлшынғанымен оларды бәрібір, тарих кейінге ысырып тастайды. Нағыз әдебиетті қорқақтар мен жағымпаздар жасамайды. Бүгін табан жалап, күштінің аяғындағы лас батпақты сүрткен қалақтай тілімен ертең мінбеге шығып алып, "ойбай, ұлтым үшін жаным құрбан!" деп ұрандап тұрғанын көресіз. Қандай жиіркенішті! Жығылып жатса да жағасынан алдырмайтын өзге намысты ұлттар үшін бұл түсіне де кірмейтін жағдай. Ал біздің елде, ұлтыңды қорла, дініңді сат, діліңді тапта,бәріне жол ашық. Биліктің тізгінін ұстаған, жемқорлыққа маңда-йынан батқан, тіпті, мемлекетін сатып жіберуге әзір "адам денелі, доңыз жүректі" басшылардың тофлиін мұртыңмен шөткіле, ешкім бетіңнен қақпайды. "Жабайы демократия" ауласында көктеп шыққан сол пақырлар, сатқындықтың, екіжүзділіктің бұлағынан сусындаған бишаралар біздің сол поэзия деп аталатын қасиетті сарайымызда еркінше талтаңдап жүр. Жағымпаздарға ешқашан сенім артуға болмайды. Олар ауыз жүзінде "ұлтым, елім" деп құр көпіршігенімен кез келген уақытта ұлтын ойланбай сата салады.
Билік мәңгілік емес. Бүгінгі жағымпаздардың күні де сол сияқты уақытша. Ертең шынайы ғұмыр кешетін, адамдық ар салтанат құратын бір тамаша күндер келетініне бек сенемін...

- Медаль, орден, яғни, белгілі бір фестиваль-мүшәйралардың лауреаттық атағының былайғы өмірде мәлім дәрежеде пайдасы болатыны белгілі. Ол жайында не айтасыз?
- Бұл сұрағыңа Шығыс Түркістанда ғұмыр кешкен қазақтың соңғы баһадүрі ер Оспанның коммунистер жіберген медальды лақтырып жіберіп: "Мен теңге моншаққа қызығып, иығыма ұлт-арақ тағатын (пагонды айтып отыр. Ұ.Б) қатын емеспін, менің байлығым тауым мен далам!" - деген әйгілі сөзін қайталағым келеді...

- Сізді жастар арасында аса ұлтшыл деп бағалаушылар көп. Бұл "Адамзаттың бәрін сүй, бауырым" деген қағидаға қайшы емес пе?
- Абай атамның ол сөзін мүлде бас-қа мағынада, Ислами тұрғыдан қарастыру керек. Мен Қазақ деген қара орман ұлтым тұрғанда төрт жарым миллион Алаш ұрпағын аштықпен қынадай қырып, жерім мен тауымды доңыз өрісіне айналдырған, тілімді қырқып, дінімді жойған орысты сүюім керек пе? Түркілердің бөрібас туы желбіреген қасиетті қарт Алтай мен Ілені тартып алып, өзімізді бостырып жіберген қарақұрт қытайды сүюім керек пе? Әлде мұсылман елдерін қанға бөктіріп, жүз мыңдаған жас пен кәрінің көз жасына, наласына қалған ағылшын мен еврейді сүюім керек пе? Жоқ, бауырым! Мыңдаған жылдардан бері қаныма сіңген Бөрі тегім, жастайымнан санама орныққан Ер Оспан рухы бұған өлсем де жол бермейді. Қазақ болып туылдым, Қазақ болып өмір сүру - ең ұлы мұратым!

- Қазақ поэзиясының табалдырығын енді аттап, өз стилін қалыптастырып келе жатқан жас ақындардан кімдерді атар едіңіз?
- Соңымыздан ерген бір топ жас шоғырдың өлеңімен де, өмірімен де етене байланыстамын. Тізе берсек ұшына жету қиын. Бәлкім, мен кездеспей, өлеңін оқымай жүрген жас таланттар де көп шығар. Астаналық студенттер Еркін Исақан, Ербол Алшынбай, Есбол Нұрахмет, Саян Есжан, Ұмтыл Зарыққан, Қарағандылық Мирас Асан, Қуаныш Медеубай қатарлы топтың дауысы өктем, жүрісі мығым.
Сөз реті келгенде айта кетейін, біздің буында сипаты жұрт көзіне еленбей, таланты бағаланбай, өзінің де жұртқа танылуға құлқы соқпай ескерусіз жүрген, "Тұлпардың тостақтай көзінде, тұңғиық шер болып қалдым мен" деп жырлаған бір тамаша ақын бар. Ол - Ықылас Ожайұлы. 2008 жылы "Жас толқын" сериясымен шыққан "Адырна" деген жыр жинағы осының дәлелі. Өзгеше Ықыластық екпінмен, асқақ фафоспен, имани жүрекпен шынайы толғаған мөлдір жырлары еріксіз мойындатады. Бұрын қолыма түспей жүрген. Жақында іздеп тауып ерекше толғаныспен оқып шықтым. Ол қалыптастырған стильдің жұрнағын әлдекімдердің шатпақтарынан кездестіре қалсаңыз, әрине, жүрегіңіз ауырады. Ықыласша толғап, Ықыласша күңірене алса, жеріне жеткізе жазса мейлі дер едіңіз.
Отардағы қойшының, боранды күзде тау сағалап, қар жамыла жайлаудан түскен көшпелі қазақтың тағдырын жырына арқау етіп, өзі тасада жүрген тағы бір лирик Ахат Расулдың да күндердің күнінде құм астынан алтындай жар-қырайтынына сенемін.
Үлкендердің "Өнерде жұлдызың жансын!" деп неге бата беретінін осындайда түсінгендей боласыз...

- Шығармашылық адамы, соның ішінде ақындар үшін ең қауіпті мінез қайсы деп ойлайсыз?
- Шектен тыс өзімшілдік пен асқынған атаққұмарлық және жұлқынған жағымпаздық. Бұның қайнар бұлағы тексіздіктен бастау алады. Ол үшеуі мекен тапқан жүректе иман да, адамгершілік те, ұлтқа деген махаббат та болмайды. Бұл үш жаман мінез нәжістен бетер жағымсыз иі-сімен маңындағы адамдардың бәрін бездіреді. Қоғамда жиір-кеніш тудырады. Меніңше, ақын атақ үшін тыраштанбауы тиіс. Өлеңінің тағдырын ойлаған кез келген талантты ақын бұндайға әсте жол бермейді.

- Әңгімеңізге рахмет!

Тоқтар ЖЕТПІСБАЙ

http://www.elgazeti.kz/?p=8904

0 пікір