Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3537 0 пікір 25 Қазан, 2011 сағат 13:16

«Тони Блэр қазақша үйренсін!» - «МК в Казахстане»

Алматы. 25 қазан. ҚазТАГ - Жаңа номері сәрсенбі күні саудаға түсетін «МК в Казахстане» газетінің редактор орынбасары Вадим Борейко, Қазақстанға экономикалық және саяси мәселелер жөнінде кеңесшілікке шақырылған Тони Блэр қазақша білуі керек па, деген «бұзық» сұрақ қояды.

«Егер Антон Чарльзович кеңесші болуға келіссе (әлде келісіп қойса) - демек ол мемлекеттік қызметкер. Сондықтан ол мемлекеттік тілде сөйлеуі тиіс. Ол туралы шенеуніктерді - тек оларды емес, - тәуелсіздіктің барлық 20 жылында, әсіресе соңғы жылдары ерекше қысыммен көндіргісі келуде. Ол қыспақтан әлі елді тастап кетпегендер бар күшін қазақ тілін тездетіп үйрену әдістерін (ол әлі жоқ және ол туралы әңгіме бөлек)табуға салуда.

Маған қызығы: Блэрдің алдында қазақ тілін үйрену керек деген шарт қойды ма екен? Әлде оған жеңілдік қарастыра ма екен? Бірақ, кейде мен ертек айтуды әуес қылғаныммен, еріксіз реалист болғандықтан, мойындауға мәжбүрмін: Бэрді мемлекеттік тілді білмейсің деп тепкіге алу үшін шағырған жоқ. Және саясаткер Нұрлан Ерімбетов айтқандай, тек қана халықаралық пиар үшін де емес. А бір кезде, кабинетке шақырып алып: «Бізге демократия үшін екі қойып жүргендер кім?», - деп айту үшін, - деп жазады В. Борейко.

«Қасіретті саудалау» атты мақаласында «МК в Казахстане» апталығының тілшісіс Татьяна Куан «Адам өлімінен кімдер пайда табуда және жақыныңды о дүниеге аттандыру қанша тұрады?», - деп сұрайды. Мәселе, редакцияға алматылық Кузнецовтар отбасы жүгінді. Биылғы шілдеде олар қайғылы қасіретке шалдығып, төрт жасар балалары қайтыс болыпты. Оны жерлеумен баланың әжесі Татьяна Валерьевна айналысыпты. Алматының орталық зиратханасының кассасының алдында жерлеу рәсімдік қызметі үшін ақы төлеп тұрып, көзі жасқа толы әйел, көп жылдық қаржыгер деген өтілі бар оны, ақшадан «қағып» жібермекші деген күдік туындайды...

«Вагонные споры - последнее дело» мақаласында басылым Жеңістің мерейлі жылы майдангер Иван Солдатовты  полктас майдангерімен кездесуге апарған әйелінен шенеуніктер темір жолмен тегін жүргені үшін ақы алмақшы болып жатқаны туралы айтылады.

«Үкімет мемлкет басшысына бекітуге жаңа әскери доктринаны енгізді - деп жазады апталықтың сарапшысы Сағит Оспанов «Дуалдан бастап түскі асқа дейін реформа» деген мақаласында. - Бұрынғы доктринада «экономикалық және саяси тұрақтылыққа қауіп төндірерлік ұйымдасқан қылмыс» деген қауіп-қатер көрсетілгенді. Жаңа редакциядан оны алып тастапты. Ұйымдасқан қылмыс -  дәлірек айтсақ, жемқорлық - ұлттық қауіпсізідкке төнетеін негізгі қатерлердің бірі. Ол мемлекеттік сатып алулар тиімсіздігі жағдайында қорғаныс сапасын тікелей төмендете алады. Ол қоғамдағы әлеуметтік қайшылықтарды тереңдетіп, қорғанысты жанама түрде де төмендете алады», деп жазады.

Танымал жазушы Қазбек Исмагилов баспадан «Бывший мент» атты - Заманбек Нұрқаділов пен Алтынбек Сәрсенбаевтың өлтірілуіне қатысты жаңа саяси детектив басып шығармақшы. Және осы туралы апталыққа интервью беріп, бір сабақ боларлық оқиғаны айтыпты.

«Коррупция»(«Жемқорлық») әңгімесі нақты оқиғаға негізделген. Бір ер азамат үкімет үйінің алдындағы өткелге «Көп тілдерді білетін бастаушы жемқор кез келген ұсыныстарды қарайды. Бағасы - арзан. Телефон шалыңыздар, мырзалар!» деген хабарландыру іліп қояды. Бір кезде оған біреу: «А сіз Отанды сата аласыз ба?» деп телефон шалыпты. Жемқор бағасын арттырмақ болып, «О не дегеніңіз, әрине, жоқ...» деп сызданыпты. Бұл ретте желінің ар жағындағы дауыс өзеуреп: «Мен жақсы төлеймін» депті. Саудагер болса, өзін сыпайы етіп көрсетуді жалғастырыпты. Нәтижесінде ана жақтағы шаршап кетіп: «Сен есуассың», - деп телефонды іле салыпты. Ал жемқор болса, «Дегенмен мен бекер тыраштандым» деген екен. Шын мәнісінде, барлығы да сатылып кеткендігінен тым көңілсізбін. Бірақ мен кез келген жағдайда көңілімді түсірмеуге тырысамын».

Апталықтың саяси шолушысы Досым Сәтпаев болса, «Көшедегі пақырды, патша бол деп шақырды» деген мақаласында «Біздің мемлекет үшін орташа класстың меншікті салмағын арттыру қажет. Олар тым кедейлерге және тым байларға қарағанда мемлекетке де және жеке әлеуметтік миссиясына да жауапкершілікпен қарайды. Қоғамның ауқымды «маргиналды» іргетасқа негізделген, төбесінде ат төбеліндей алыпсатарлар тұрған пирамидалық құрылымы - ол ақыры күйреуге соқтырар құрылым, себебі байлар мен кедейлер әлдеқашан әр түрлі өлшемде өмір сүреді», - деп жазады.

Сондай-ақ апталақтан сіздер неліктен қазақстандық мектеп осыншама құлдырағанын, біздің ер азаматтар іріктеулі белсіздікке ұшырағанын; неліктен фотограф Натаья Саркисон цилюлиттері бар модельдерге ақша төлеуге дайын екендігін және басқа толып жатқан қызықты ақпараттарды Ресей және алыс шетелдерден оқи аласыздар.

Апталықтағы мақалаларды www.mk.kz сайтынан бүгін де оқуға болады.

0 пікір