Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2873 0 пікір 25 Қазан, 2011 сағат 07:39

Пенитенциарлық мекемелердегі режимді сақтамағаны үшін ІІМ ҚАЖК 58 қызметкері жазаланды – бас прокуратура

Астана. 25 қазан. ҚазТАГ -Пенитенциарлық мекемелердегі режимді сақтамағаны үшін ҚР ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) 58 қызметкері жазаланды, деп хабарлайды ҚР бас прокуратурасы сейсенбі күні.

«Қылмыстық-атқару заңнамасының талаптарын бұзуға жол берген қылмыстық атқару жүйесінің 58 басшысы мен олардың қызметкерлеріне тәртіптік шаралар қолданылды», -  деп хабарлайды қадағалаушы ведомство.

Бас прокуратураның хабарлауынша, ҚАЖК қызметкерлерін жауапкершілікке тартуға Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің мекемелеріндегі 2010 жыл және 2011 жылдың 6 айындағы режимді сақтаудың және тыйым салынған заттарды жеткізу арналарына тосқауыл қою бойынша қабылдап отырған шаралар тиімділігіне жүргізілген талдау» себеп болған.

«Талдау барысында қылмыстық атқару жүйесінің бөлімшелері қызметінде бірқатар кемшіліктер анықталды. Осыған байланысты бас прокурор ішкі істер министрінің атына анықталған заң бұзушылықтарды жою және кінәлі лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тартуды талап етіп, ұсыныс енгізді», - делінген баспасөз мәлімдемесінде.

ІІМ бас прокурордың ұсынысын қарау нәтижесінде бұзушылықтарды және оларға себепші болған шарттарды жою, оларға алдағы уақытта жол бермеуге арналған ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар қабылдады, делінген ақпаратта.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2272
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3590