Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2666 0 пікір 24 Қазан, 2011 сағат 14:20

Қазақстанның болашағы қытай тілінде ме?

«Алматы» арнасының «Тіл сақшысы» бағдарламасы қаладағы үш мектепте қытай тілінің пән ретінде оқтылып жатқанын анықтапты. (http://old.abai.kz/content/til-sakshysy-23-nshi-kazan-k-ngi-sany) Қателіктерден аяқ алып жүргісіз кітап оқулықтар тізімінде жоқ, Қытайдың  Үрімжі қаласында басылып шыққан көрінеді. Ал, министр Бақытжан Жұмағұлов мектептерде қытай тілінің оқытылып жатқанынан мүлдем бейхабар екен. Мектепте қандай пәндер бар екенін білмейтін министрліктің жұмысы мінсіз деуге бола ма?

Қытай тілінің 1-4 сыныптарға қатардағы міндетті сабақ ретінде өткізіліп жатуы мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігінің қаусап тұрғанының тағы бір дәлелі. Мектеп - мемлекеттік маңызы бар орын. Бүгінгі оқушы  - ертеңгі ел болашағы. Ал, болашығымыз болса, қытай тілін оқып жатыр. Мектеп пен оқушының қауіпсіздігі - елдің қаупісздігі. Алайда, жоғарғы және атқарушы билікке бәрібір сияқты. Олай болмаса, қытай тілінің оқытылуына жол берер ме еді?

Мектеп түгіл, жекеменшік балабақшаларда қытай тілі оқытылатыны қазір таңқалатын жай болмай қалды. Сонда біз кімнің болашағын оқытып, тәрбиелеп жатырмыз? Қазақстанның болашағы кім болмақ?

«Абай.кз» порталы «Тіл сақшысы» көтерген мәселеге үн қоса отырып, әрбір оқырманға қандай да бір мектеп пен балабақшада қытай тілінің енгізілгені туралы ақпарат білсе, пікір алаңына жазуын сұрайды.

Болашағыңызға бей-жай қарамаңыз.

Абай болайық, ағайын!

«Абай-ақпарат»

0 пікір