Жұма, 3 Сәуір 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 444. Жазылғандар — 28. Қайтыс болғандар — 3
Жаңалықтар 1107 0 пікір 24 Қазан, 2011 сағат 12:29

Алматыдағы автотұрақтың бағасы қаланың барлық аудандарында бірдей болады - әкімдік

Алматы. 24 қазан. ҚазТАГ - Ақылы автотұрақтардағы сағаттық төлемді қала квадратына қарамастан, тариф бойынша енгізу жоспарланып отыр, деп хабарлады ҚазТАГ-қа табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бастығының орынбасары Эльдар Келдібаев.

«Ақылы автотұрақтарда қаланың аймақтарына (квадратына) қарамастан, бекітілген тариф бойынша сағаттық төлем жоспарланып отыр. Бір автокөлік құралы үшін тұрақта тұру уақыты шектелмейді», - деп хабарлады Э.Келдібаев дүйсенбі күні ҚазТАГ агенттігіне.

Э.Келдібаевтың айтуынша, тариф әзірге бекітілмеген. Ережелер жобасын сәйкес өкілетті органдардың мамандары және Алматы қаласы әкімінің заңгерлер бөлімі қарап жатыр, ережелер бекітіліп, тіркелген соң бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Басқарма бастығының орынбасары автокөлік иелері әкімдіктің сайтында өз тілектерін білдіре алатын мерзім «шектеусіз» екенін жеткізді.

Мұның алдында 7 қазанда Алматы әкімдігі автотұрақтарды ұйымдастыру ережелері әзірленгені туралы хабарлаған болатын.

«Мегаполистегі көлік тұрақтарын бірнеше аймаққа бөлу мәселесі қарастырылып жатыр, мысалы, орталықтағы көлік тұрағы бір сағатқа беріліп, өзгелерден оның ақысы да жоғары болады. Ал қаланың шет аймақтарындағы көлік тұрағының бағасы төмен, ал сағаты да көп болады», - делінген ақпаратта.

Әкімдіктің баспасөз мәлімдемесіне сәйкес, Алматы әкімі Ахметжан Есімов сарапшылардың ғана емес, автокөлік иелерінің де пікірлерін ескеру керектігін айтқан. Әкім әкімдіктің барлық басқармаларына үстіміздегі жылдың 1 қарашасына дейін аталған ереженің жобасына қатысты ұсыныстар енгізіп, ақырғы жобаны бекітуге беруді тапсырды.

0 пікір