Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2618 0 пікір 24 Қазан, 2011 сағат 12:16

ҚОҚМ Қазақстанда сынапты шамдарды жоюды заң жүзінде жазуды талап етті

Астана. 24 қазан. ҚазТАГ - Елена Преображенская. ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігі (ҚОҚМ) «Энергетикалық тиімділік және энергия үнемдеу туралы» заң жобасын әзірлеушілер - индустрия және жаңа технологиялар министрлігінен (ИЖТМ) заң жобасына құрамында сынабы бар шамдарды жою туралы норманы енгізуді талап етеді, деп хабарлады ҚР ҚОҚМ Киото хаттамасының департамент директоры Төлебай Әділов.

«Біз бағдарламаларға үзілді-кесілді қарсымыз. Бұл заң жүзінде бекітілуге тиіс. Қазір 5 жылға, 10 жылға бағдарлама әзірлей аламыз. Үкімет қаржыландырады, ал кейін қажеті болмағандықтан, бәрі тоқтап қалады. (...) Біз- экологтар мұның заң жүзінде бекітілгеніне, сынабы бар шамдардың жойылғанына қол жеткізбекпіз.«Энергетикалық тиімділік және энергия үнемдеу туралы» заң жобасында осы мәселені көтеріп отырмыз. Жою анда-санда емес, тұрақты негізде жүргізілуге тиіс. (Қуат үнемдегіш) шамдарды өндіруші бірнеше зауыттың құрылысы қарастырылып отыр, біз осы зауыттар шамдарды қабылдап (жойып - ҚазТАГ), қалған сынапты алдағы өндірісте пайдаланса деп отырмыз», - деді Т.Әділов дүйсенбі күні ҚазТАГ тілшісіне.

Заң жобасын талқылау жөніндегі жұмыс тобының құрамына кіретін депутаттар экологтардың бұл ұсынысын толығымен қолдап отыр.

Т. Әділов ИЖТМ-нің мәліметтеріне сілтеме жасай отырып, қазір Қазақстанның барлық облыс орталықтарында сынапты шамдарды қабылдайтын орындар бар екенін айтты. Нақтыланбаған мәліметтерге сәйкес, ондай қосындардың саны - 14, ал қуат үнемдегіш шамдарды шығаратын зауыттар елімізде әзірге жоқ.

Департамент басшысының айтуынша. Халықтан сынапты шамдарды жинау тетігін жасау үшін жауапкершілік ҚР ИЖТМ-іне артылған.

«Бір шамда сынаптың жүзден бір бөлігі бар. Бір шамды сындырсақ, бұл қаланың экологиясына соншалықты әсер етпейді, зияны да көп болмайды. (...) Бірақ бүгін біреу, ертең екішісі шамды тастаса, осылай жинала береді. Сынап адамның ағзасында жинала береді. Кумулятивтік эффект деген түсінік бер, белгілі бір мөлшерге жеткенде ауыр металл түрлі рак ауруларын тудырады. Мен оқыған зерттеулерде сынаптың жүкті әйелдер үшін аса зиянды екені айтылған. (...) Сынаптың аз көлемінің өзі қоршаған ортаға әсер етеді», - деді Т. Әділов.

«Қаржыландыру болмаса, сынапты қолдану мәселесі пысықталмаса, проблема шешілмейді. Өкінішке орай, сынап әскери техниканың өндірісінде пайдаланылады. Ол қаскүнемдердің қолына түсуі мүмкін. Сондықтан мұны мемлекет реттеген дұрыс», - деп қорытындылады ол.

Еске сала кетейік, осы айдың басында ИЖТМ жаңа заң жобасын таныстырды, оған сәйкес, Қазақстанда 2012 жылдан бастап қуаты 100 ваттан асатын қыздыру шамдарын әкелуге және сатуға, 2013 жылы 75 ваттан асатын, 2014 жылы 25 ваттан асатын қыздыру шамдарын әкелуге және сатуға тыйым салынады. Қыздыру шамдарының орнына үнемді жарықтандыру көздері - люминесценттік және жарық диодты лампалар қолданылады.

0 пікір