Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2556 0 пікір 24 Қазан, 2011 сағат 08:36

Тұманбай Молдағалиев: «Тұманбай аспаннан түскен жоқ»

Тұнық жырдың ақтаңгері Тұманбай Молдағалиев дүние салғаннан бірнеше күн өткеннен кейін КТК арнасы ақынның көзі тірісінде түсіріліп, эфирден берілген «Жүрекжарды» бағдарламасының Тұмағаңа арналған санын қайталап көрсетті.

Көзімізге жас тұнып көрдік. Әңгіме барысында Тұмағаң: «Әлі күнге дейін әкем келіп қалатын сияқты болды да тұрады. Әкем соғысқа аттанарда анам екеуміз шығарып салдық. Сол кезде әкемді  құшақтап, мойнына асылып сүймегеніме, селтиіп тұрып қалғаныма әлі өкінемін» деді. Соншалықты шынайы, табиғи шыққан осынау әңгімені естігенде адами болмысы мөлдір Тұмағаңды толық түсінгендей боласыз.

Әкеге деген сағынышты өмір бойы арқалап өзімен бірге ала кеткен аяулы ақынға бас иесіз.

Бағдарлама барысында Тұмағаң, қазаққа қарыздар екенін, қазақ деген халық болмаса жазған жырының да құны болмасын қадап айтты. Әңгімесін сабақтаған Тұмағаң жарықтық: «Тұманбай аспаннан түскен жоқ. Әдебиеттегі ағаларымның ешқайсысының алдын кесіп өтпедім. Солардың шығармаларын, дүниенің әдебиетін оқыдым. Мен де өзгелер сияқты қарапайым адаммын. Мені ерекшелеп тұрған ақындығым. Сендер де сол ақындығымды құрметтеп келіп отырсыңдар», деді.

Міне, сізге әдеби көркем мінездің үлгісі.

Кейде әдебиеттің киесі мен қасиеті әдебиетке адал қызмет еткен әрі атақ пен даңқты қойдай қоңыр мінездерімен көтере білген қара шалдармен бірге азайып бара жатқандай әсер қалдырады.

Ал, бүгінгінің ақыны мен жазушысы көктен түскендей. «Қазақ әдебиетіндегі жалғыз ұлы қаламгер - менмін» деуден тайынбайды. Тіпті өзін соған жетеқабыл сезінетін мінезін көргенде есіңе Тұмағаңның: «Тұманбай аспаннан түскен жоқ» деген сөзі түседі екен.

Кім білсін, мүмкін әдебиеттің көсегесін көгертпей жатқанда сол шығармада да, авторда да шынайлықтың, табиғилықтың тапшылығы мен өзіне дейінгіні  білгісі келмейтін, ұлылыққа құштарлықпен ауыратын «менмен» әдеби мінез шығар...

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3611