Жұма, 29 Наурыз 2024
3670 9 пікір 10 Сәуір, 2020 сағат 17:09

ҚР СІМ «Ақ жол» ұсынысын БҰҰ-ның офшор жөніндегі арнайы тобына жібереді

ҚР Сыртқы істер министрлігі «Ақ жол» партиясының ұсынысын БҰҰ-ның   жемқорлардың офшорларға жіберген халық ақшасын қайтару жөніндегі арнайы тобына қарастыруға жіберетін болады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрі М.Тілеуберді партия төрағасы А.Перуашевтің хатына жолдаған жауабында хабарлады.

Белгілі болғандай, осы жылдың басында Біріккен Ұлттар Ұйымы жемқорлардың офшорларға шығарған халық ақшасын қайтару жөніндегі арнайы топтар құратыны туралы жариялаған  болатын.

Осыған орай, «Ақ жол» ҚДП депутаттық фракциясы ҚР СІМ-не БҰҰ-ның құрып жатқан мұндай арнайы топтарын мүмкіндігінше пайдалануды, яғни топтарды құруға белсене қатысуға, сондай-ақ оның жұмысына Парламент депутаттарын, осы салада тәжірибесі бар «Ақ жол» Демократиялық партиясының да өкілдерін қатыстыстыруды ұсынған болатын.

Партияның осы жылдың 5 ақпанында жасаған депутаттық сауалында «Жемқорлықты жою және халықтан ұрланған миллиардтаған қаражатты елге қайтару «Ақ жол» Демократиялық партиясының басым бағыттарының бірі. 2012 жылдан бастап партия бұл мәселені оннан аса депутаттық сауалдарына арқау етті. «Ақ жол» ҚДП фракциясы Кипрден (2013 жылы), Швейцариядан (2015 жылы), «Панама тізімі» (2016 жылы) және «Райское досье» (2017 жылы) жағдайлары бойынша қазақстандық қаражаттың елге қайтарылуының нақты мәселелерін көтеріп келеді», деп атап өтілген.

А.Перуашев «Ақ жол» Демократиялық партиясының депутаттары офшорларға шығарылған халық ақшасын қайтару мәселесін мемлекеттік органдармен ғана емес Европарламент мүшелерімен және Брюссель, Цюрих, Пекин, Рига, Сингапур және тағы басқа елдердегі әріптестерімен өткен кездесулерде талқылағанын да жеткізді.

Ағымдағы жылдың 16 наурызы күні А.Перуашев ҚР СІМ-не құрылатын Жоғары деңгей тобы ережелерінің процедуралары жобасы бойынша өзінің ұсыныстарын жолдады. Оның ойынша, аталған жобаға қаржылық есептен бөлек жемқорлардың халықтан заңсыз ұрлаған қаражаттарын анықтау және оларды шығару жолдарына тосқауыл қою, сонымен бірге мұндай ақшалардың елге қайтарылу жолдары мен нақты іс-шараларын әзірлеуді енгізу қажет.

«Ақ жол» партиясының жетекшісі «Қазір дәл осы бағыттағы мәселе маңызды.  Кейбір елдердің халықтан ұрланған қаражаттарды, сол халыққа қайтаруға қызығушылық танытпайтыны байқалады» - деп санайды. Осыған орай, ол «Мақсаттар», «Топ шеңберінде болуы қажет:», «Панельдік пікірталас қатысушыларының рөлі» тарауларына тиісті ұсыныстарды  енгізуді ұсынды.

ҚР СІМ-нен келіп түскен хатта БҰҰ-ның аталған Жұмыс тобы 15 адамнан құрылатыны белгілі болды. Қатысушылардың тепе-теңдігін сақтау мақсатында Азия – Тынық мұхиты аумағынан 3 қатысушы ғана Жұмыс тобына кіреді.

«Осыған орай, Топ құрамына қазақстандық өкілдердің енгізілуі мүмкін емес» - деп хабарлайды ҚР Сырты істер министрі М. Тілеуберді.

Алайда, ҚР Сыртқы істер министрлгі Топ қызметінің жұмысын қадағалай отырып, Қазақстан тарапының ұсыныстарын Топтың қарауына жіберуді жалғастырады деп атап өтті.

«Ақ жол» Демократиялық партиясы және оның парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстарын жалғастыруда.

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616