Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Мәлімдеме 4402 6 пікір 10 Сәуір, 2020 сағат 15:26

Тоқаев: Карантин сәуірдің соңына дейін жалғасады

Қазақстанда Төтенше жағдай режимі сәуірдің соңына дейін ұзартылады. Бұл туралы Қазақстан президенті Қ.Тоқаев мәлімдеді.

Бүгін Төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысы өткен. Оған ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық етті.

"15 сәуірде менің Төтенше жағдай жариялау туралы Жарлығымның мерзімі бітеді. Қазірдің өзінде, ТЖ режимін кемінде сәуірдің соңына дейін ұзарту керектігін көріп отырмыз.

Біз әлі коронавирус індетінің жаппай таралу шегінінен өткен жоқпыз. Эпидемия жағдайында бәсеңсуге болмайды. Сондықтан астана, Алматы мен Шымкент қалаларында және облыстарда карантин режимін сәуірдің соңына дейін ұзартуды тапсырамын.

Білемін, бұл шешім көпке ұнай қоймайды. Себебі, халық сыртқа шығып, бұрынғыдай қалыпты өмір сүргісі келеді. Бірақ, карантин ережесін сақтағаннан басқа амал жоқ. Бұл отандық және халықаралық вирусологтардың кеңесі", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Abai.kz

6 пікір