Жұма, 29 Наурыз 2024
3181 1 пікір 10 Сәуір, 2020 сағат 11:47

Алматыда коронавирустан бір адам қайтыс болды

Қазақстанда коронавирустан 64 жастағы әйел қайтыс болды, - деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі. 

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасысының басшысы Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, қайтыс болған әйелдің басқа да созылмалы аурулары болған.

Пациент байланыста болғандар қатарынан, оның оң талдауы 16 наурызда анықталды. Қосымша аурулары болуына байланысты ол 18 наурызда реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне орналастырылды.

Науқас, атап айтқанда, өкпенің созылмалы обструктивті ауруларымен, жүректің созылмалы жеткіліксіздігі мен жүректің ишемиялық ауруларымен, стенокардия, артериялық гипертензия дертімен ауыратын.

«Жүргізілген қарқынды терапияға қарамастан жағдай полиоргандық жеткіліксіздіктің – тыныс алу, жүрек-қан тамырларының дамуына байланысты прогрессивті түрде нашарлады. 9 сәуірде қосымша ауруларының үдеуі аясында сағат 23.20-да қан айналымы тоқтады. 30 минут ішінде жүргізілген реанимациялық іс-шаралар сәтсіз болып, сағат 23.50-де қайтыс болғаны анықталды. Негізгі диагнозы: COVID-19 коронавирустық инфекциясы, расталған жағдай. Екі жақты полисегментті пневмония, ауыр ағымы. Екі жақты плеврит. Өкпенің ісінуі, Лайелла синдромы»,-деді Тілеухан Әбілдаев.

Соңғы мәлімет бойынша, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 802-ге жеткен. Нұр-Сұлтан қаласы – 226, Алматы қаласы – 122, Шымкент қаласы – 31, Ақмола облысы – 61, Ақтөбе облысы – 11, Алматы облысы – 10, Атырау облысы – 45, Шығыс Қазақстан облысы – 6, Жамбыл облысы – 45, Батыс Қазақстан облысы – 6, Қарағанды облысы – 61, Қостанай облысы – 3, Қызылорда облысы – 104, Маңғыстау облысы – 9, Павлодар облысы – 3, Солтүстік Қазақстан облысы – 25, Түркістан облысы – 34.

Сонымен қатар, аталған індеттен 60 адам жазылып шыққан. 9 адам қайтыс болды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3541