Сенбі, 20 Сәуір 2024
2283 4 пікір 10 Сәуір, 2020 сағат 11:11

ОПЕК+ елдері мұнай нарығын реттеу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр

ОПЕК мұнай экспорттаушы елдер тобының өкілдері, сонымен бірге Ресей және басқа мемлекеттердің өкілдері бүгін әлемде мұнай өндірісін азайту жөнінде келіссөз жүргізе бастады.

Коронавирус пандемиясы салдарынан мұнайға сұраныс күрт кеміп, "қара алтын" бағасы төмендеп кетті. Мұнай шикізатының арзандауына Ресей мен Сауд Арабиясы арасындағы дау да себеп болды. ОПЕК елдерінің мұнай өндірісін шектеу жөніндегі келісімі 1 сәуірде күшін жойды.

Бейсенбіде ОПЕК+ елдері жоспардан тыс жиналыс өткізеді, ал жұма күні "Үлкен жиырмалық" елдері энергетика мәселесін талқылайды.

Бұның алдында Ресей президенті Владимир Путин ОПЕК+ мүшелерімен келісуге дайын екенін мәлімдеген. Путиннің пікірінше, мұнай өндірісін туәлігіне 10 миллион баррельге дейін түсіруге болады.

РБК дереккөзінің мәліметінше, жаңа келісімге ОПЕК елдерімен қатар АҚШ, Бразилия, Норвегия, Канада, Мексика және басқа да елдер қосылады.

Abai.kz

4 пікір