Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Дабыл 6888 12 пікір 11 Сәуір, 2020 сағат 16:06

Мораторий мерзімі біткен соң жер тағдыры не болмақ?

2016 жылы Үкімет ауыл шаруашылығына тиесілі 1,7 миллион гектар жерді аукцион арқылы сатуға шығаратынын мәлімдеді. Халық: «Жер шетелдікке сатылмасын, жалға берілмесін», - деп дабыл қақты. Жалпыхалықтық митингтер өтті. Сол митингтерге қатысқан біраз азамат түрмеге де тоғытылды. Халық наразылығынан кейін жер кодексіндегі резонанс тудырған заң баптарына бес жылдық мараторий жарияланды. Ал өткен жылы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жердің ешқашан сатылмайтынын айтты.

«Жер шетелдіктерге сатылмайды. Бұл менің Президент ретіндегі берік ұстанымым!», - деген болатын мемлекет басшысы Қостанай облысында ауыл шаруашылығы мамандарымен өткен кездесуде.

Демек, осыдан кейін жерді шетелдіктерге сату, жалға беру, тегін беру жайлы мәселе мүлде көтерілмеуі керек еді. Экс-президент мараторий жариялап, екінші президент нүктесін қойған мәселе толықтай халықтың пайдасына шешіліп, жер мемлекеттің меншігінде қалуы қажет еді...

Алайда, коронавирус дендеп, халық карантинде жатқанда, қазақ билгілі қасиетті қара жерге тағы ауыз салыпты. Өкінішке орай, «Біреу тойға айналғанда, біреу қойға айналады» дегеннің керін келтіріпті.

ЕАЭО елдерінің кәсіпорындарына тегін беру

Утвержден бюджет ЕАЭС на 2020 год

Ел үкіметінің жоспары бойынша, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің кәсіпорындарына зауыт-фабрика салу үшін жер учаскелері тегін берілуі керек болатын. Тіпті осындай шешім қабылданып кете жаздады. Аталған жобаны egov порталында жалпыхалықтық талқылауға ұсынып үлгеріпті. Қаулы 21 сәуірге дейін көпшіліктің талқылауында болады деп жоспарланған.

МИР: Экспорт казахстанских автомобилей резко упал | Курсив ...

Біз бұл сөзді ойдан шығарып отырған жоқпыз. «Үкіметтің қаулысын жалпыхалықтың талқылауға салу үшін egov порталына шығардық», - депті ҚР ИИДМ машина жасау басқармасының басшысы Ержан Имансіләмнің өзі 31 арнаға берген сұхбатында.

Жалпы халықтық талқылауға қойдық дегені де көп көңілін аулау үшін айтылғандай-ақ. Себебі, қарардың талқылауға түсіп жатқанын халыққа ешкім хабарлаған жоқ. Ел-жұрт біліп, тілшілер сұрағанда ғана айтылып отыр. Оның үстіне egov порталындағы талқы алаңы ашылмайтын көрінеді. 31 арна солай депті. Ешкім кіріп, ой-пікірін білдіре алмайды. Демек, халық өзі реакция танытпағанда, 21 сәуір күні қаулы қабылданып кетуі де мүмкін бе еді...

Қоғам наразылығынан кейін ЕАЭО-ға мүше елдер қатысатын кәсіпорындарға жер учаскелерін беру мәселесі талқылаудан және қараудан алынды.

Еgov порталындағы ресми мәлімдемеде: «мемлекеттік органдар мен аккредиттелген қауымдастықтар ҚР үкіметіне ЕАЭО-ге мүше елдердің кәсіпорындарына жер учаскелерін беру құзіреті жоқтығын ескертті. Сол үшін аталған қаулы жобасы талқылаудан және одан әрі қараудан алынды», деп жазды.

«Аттан түссе де, үзеңгіден түскісі келмейтін» шенділер қойыртпақ жоспарының халық қарсылығына ұшырағанын мойындамай отыр. Егер үкіметтің қателігін бетіне басатын мемлекеттік органдар мен қауымдастықтар бар болса бұл жобаны жалпы халықтық талқылауға жеткізбей-ақ жолын кесер еді ғой.

Сонымен, ел үкіметі қандай шешім шығармақ болды?

Қазақстан үкіметі Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше елдердің кәсіпорындарын жер учаскелері тегін берілетін отандық кәсіпорындардың тізіміне қосуды жоспарлады. Түсінікті етіп айтқанда, ЕАЭО елдерінің кәсіпорындарына зауыт-фабрика салу үшін жер учаскелерін тегін бергісі келді.

Қаулы мынау: ҚР үкіметінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 459 қаулысы мен 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына сай, жер учаскелері меншікке өтеусіз негізде берілетін отандық өнеркәсіп кәсіпорындарының тізіміне толықтырулар енгізу көзделген. Ол бойынша, аталған қаулының «шетелдік үлесі жоқ отандық кәсіпорындар» деген екінші тармақшасын «ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерді қоспағанда» деп редакцияламақ болған.

Мыңдаған ресейлік кәсіпорын тегін жер алатын еді

Айналып келгенде, бұл да Ресейдің мүддесі үшін жасалған әрекет болатын. ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Ресейдің өнеркәсіп және сауда министрлігімен бірлескен өндірістік бағдарлама қабылдаған. Осы бағдарлама аясында ресейлік «Камаз» компаниясы Қостанайда «KamLitKZ» ЖШС және «TobolKZ» ЖШС жобасын іске қоспақ болады. Міне, осы компанияларға тегін жер учаскелерін беру үшін біз айтып отырған даулы қаулы қолға алынған. Әрине, Бұл басы ғана. Егер үкіметтің ойлағаны болып, осы қаулы қабылданса, қазақтың байтақ даласынан бір емес, мың ресейлік компиания тегін жер алатын еді.

ЕАЭО-ның негізінен Ресейдің мүддесі үшін жұмыс жасайтын одақ екенін айтудай-ақ айтып келеміз.  Соңғы кезде жиі айтылып жүрген, ортақ ақша, ортақ жұмыс күші деген секілді шешімдердің Қазақстанға соқыр тиын пайдасы жоқ-ты. Тіпті бұл одақ тәуелсіздігімізге қауіп төндіруі де мүмкін екенін сарапшылар айтқан. ЕАЭО елдерінің кәсіпорындарына тегін жер береміз дегені осы қауіптің алғы шарттарының бірі деп білеміз...

Жер - мемлекеттің ең басты байлығы. Мемлекеттің жерін мемлекеттің халқы пайдаланып, өмір сүреді. Сол үшін жер ешқашан сатылмауы керек. Шетелдіктерді қойып, қазақстандықтардың өзіне жерді біржола сатып беруге болмайды. Қазір кейбір латифундистерде 2-5 миллион гектарға дейін жер бар. Ал қарапайым шаруада шағын ғана егінін егіп, малын бағатын жер жоқ. Бұл өз алдына бөлек әңгіме...

Жалпыхалықтық қарсылықтың соңында сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаев Жер кодексінің жекелеген баптарына 5 жылдық мараторий жариялаған болатын. Міне, мараторийдің мерзімі аяқталатын уақыт та жақындады. Әрі қарай жер тағдыры не болады деп алаңдап отырған халық үкіметтің бүгінгі бастамасынан тіксініп қалды. Бүгін «ЕАЭО кәсіпорындарына тегін жер береміз» десе, бір жарым жылдан кейін мараторий мерзімі біте сала «жерді сатамыз» деп көне әніне баспасына кім кепіл?!

Үкімет жерді сату, жалға беру немесе тегін беру деген мәселені 2016-да бір көтерді. Халықы наразылығынан соң, райынан қайтқан болды. Міне, арада төрт жыл өте бергенде тағы көтерді. Тағы да наразылыққа тап болды. Енді ше? Араға жыл салып тағы да жер саудасын сұрамақ па? Жер сату мәселесі 2016 жылы қандай үлкен дауға ұласқанын Үкімет ұмыта бастаған секілді. Ал халықтың талабы өзгерген жоқ және өзгермейді де!

Қуаныш Қаппас

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1559
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2250
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3501