Жұма, 29 Наурыз 2024
2390 0 пікір 8 Сәуір, 2020 сағат 11:03

Қазақстанда екі өзбекстандық коронавирус жұқтырған

7 сәуірдегі мәлімет бойынша, Өзбекстанда коронавирус кеселін 520 адам жұқтырған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметі бойынша, Өзбекстанның шетелде жүрген 23 азаматына COVID-19 вирусын жұқтырды деген диагноз қойылды.

Олар АҚШ-та (10), Пәкістанда (5), Қазақстанда (2), Австрияда (1), Арменияда (1), Біріккен Араб Әмірліктерінде (1), Корея Республикасында (1), Ресейде (1), Таиландта (1) тұрады. Бұның алдында Нью-Йорк қаласында үш өзбекстандық коронавирустан қайтыс болғаны хабарланған.

Өзбекстанның дипломатиялық өкілдігі азаматтармен үнемі байланыс жасап отыр делінген министрлік хабарламасында.

Сыртқы істер министрлігі шетелдегі өзбек азаматтарына жергілікті билік талаптарын орындауға, көпшілік шараларға қатыспауға, адам көп жүретін жерлерге бармауға, сақтық шараларын қолдануға кеңес берді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1576
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2272
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3589