Жұма, 19 Сәуір 2024
46 - сөз 3608 2 пікір 7 Сәуір, 2020 сағат 16:08

Бұл - ойланатын көрсеткіш...

Қазақстанда 120 медицина қызметкері коронавирус жұқтырыпты. Бұл елдегі жалпы вирус жұқтырған 629 адамның 19%-і. Бұл көп пе, әлде аз ба?

Салыстыру үшін қарайтын болсақ, коронавирустан ең көп зардап шегіп жатқан елдердің бірі Италияда бұл көрсеткіш 9%, Испанияда 14%, Германияда шамамен 2,3%, ал Қытайда 4%. Бұл мемлекеттерде вирус жұқтырған жалпы адам саны Қазақстанмен салыстырғанда өте көп болғанымен науқастардың қатарында медқызметкерлердің қарасы аз.

Еуропада Румыниядағы жағдай Қазақстанның жағдайына ұқсас екен. Румынияда 1029 COVID-19 жұқтырған науқастың 153-і медперсонал немесе шамамен 15%-і. Яғни, вирус жұқтырған адамдардың саны аз болғанмен олардың қатарында дәрігерлердің қарасы көбірек. Ал Қазақстанда бұл көрсеткіш 19%.

ҚР президенті кеңесшісі Ерлан Кариннің сөзіне сенсек, Қазақстан билігі жұрттан бұрын пандемиямен күреске дайын болған. Алдын ала дайындалғанымызды ескерсек, вирус жұқтырғандардың шамамен 20%-і медқызметкерлер болуы ойланатын көрсеткіш сияқты.

Мемлекетіміздің пандемиямен күрес стратегиясы бұл көрсеткіштің өсуіне жол бермейді деп үміттенейік.

Шалқар Нұрсейіттің әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

2 пікір