Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
46 - сөз 3293 5 пікір 7 Сәуір, 2020 сағат 11:47

Біз Сингапур тәжірибесін үлгі етіп алуымыз керек

Жұмыспен қамту мен бизнестің жол картасы бағдарламалары бойынша әр өңірге кемінде 30 млд. астам теңге колемінде қаржы бөлінеді. Бұл әлемдегі, елдегі қалыптасқан экономикалық ахуалға қатысты жұмыссыз қалған азаматтарымыз үшін жүз мыңдаған жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беруі тиіс.

Бұл жұмыстар тиісінше Өңірлердегі тозығы жетіп тұрған инфрақұрылымдардың жаңаруына үлкен ықпал етеді. Ең бастысы осы бөлінген ақшалар ұрланбай тиынына дейін діттеген жеріне жетсе деймін. Парламент қабырғасында мемлекет қаржысын жымқырғандарға қатысты қылмыстық жазаны барынша қатайту туралы үнемі көтеріп келеміз. Өкінішке орай мемлекет қаржысын талан- таражға салғандар үшін қолданатын жазалар әлі де болса жеңіл.

Осыған байланысты Біз Сингапур тәжірибесін үлгі етіп алуымыз керек. Кезінде жемқорлыққа белшесінен батқан бұл Азиялық мемлекетте соңғы отыз жылдың ішінде сыбайлас жемқорлық мүлдем жоқ деп айтуға болады. Өйткені ұрыларға қатысты заңы өте қатал болды.

Мұрат Бақтиярұлы

Abai.kz

5 пікір