Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Абай.tv 8792 1 пікір 6 Сәуір, 2020 сағат 18:35

Балалар: «Біз жеңеміз», - дейді

Бұл Алматыдағы қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын, дарынды балаларға арналған Абай атындағы №2 мектеп-интернатының оқушылары.

Күн сайын күшейіп келе жатқан қауіпті вируске байланысты еліміздің бірнеше өңірінде карантин жарияланғаны белгілі. Бүгінде қауіпті індетті жұқтырғандар саны 600-ден асып, ол еліміздің барлық аймағына тарап үлгерді.

Бұл оқушылар да төтенше жағдай жарияланған осы бір тар кезеңде өз үйлеріне қайтқан. Ал бүгін еліміздің әр аймағында жүрген бұл балалар көпке ой тастап, бейне үндеу жолдапты.

«Әлемге төнген бұл сынақ әуелі адамды, сіз бен бізді сынайды. Біз бұл сынақтан да өтеміз. Егер адамдар барлығы жақсы болатынына сенсе - бұл әлемнен қорқыныш жойылады», - дейді. Біз бұл балалардың ақ адал пейілінен туған осы бір ойлы бейнежазбаны оқырман назарына ұсынғанды құп көрдік. Балалар: «Біз жеңеміз», - дейді. Біз де...

;feature=youtu.be

Abai.kz

1 пікір