Сенбі, 20 Сәуір 2024
3944 13 пікір 6 Сәуір, 2020 сағат 17:18

Елімізде 120 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған

Қазақстанда 120 медициналық қызметкер коронавирус жұқтырған. Бұл туралы бас мемлекеттік санитар Айжан Есмағамбетова айтты.

"Бүгінгі таңда медицина қызметкерлері арасында барлығы 120 науқас тіркелген. Олардың арасында 67 дәрігер коронавирус инфекциясына күдікті немесе ауырған адамдарға медициналық көмек көрсеткен. Бір науқастың жағдайы ауыр, тоғыз адамдікі орташа, қалған 57 адамда індет жеңіл және симптомсыз өтіп жатыр", - деді ол.

3 сәуірде денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ел бойынша медицина қызметкерлері арасында вирус жұқтырған 28 адам туралы хабарлаған болатын.

Айта кетейік, бүгінде елімізде коронавирустан 45 науқас сауығып шықты, оның 24-і Нұр-Сұлтанда және 21-і Алматыда. Елімізде 6 адам қайтыс болды.

Abai.kz

13 пікір