Жұма, 19 Сәуір 2024
2255 2 пікір 6 Сәуір, 2020 сағат 10:30

Қазақстанда тағы 15 адамнан вирус табылды. Вирус жұқтырғандар - 584

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 5 сәуір сағат 22.05-тегі дерегіне сай, елде тағы 15 адамнан коронавирус табылды: Алматы қаласында –1 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Атырау облысында –​ 6, Қызылорда облысында – 6 адам, Қарағанды облысында 1 адам.

Министрлік Нұр-Сұлтанда алты адамның Covid-19 дертінен айыққанын мәлімдеді. Елде қазір 584 адамға коронавирус жұқтырды. 42 адам аурудан жазылды. 6 адам қайтыс болды.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов сәуірдің алғашқы он күнінде елде вирус тарау шегіне жетіп, кейін азая бастайды деп болжайды. Министрдің есебінше, елде 3500 адамға вирус жұғуы мүмкін.

Қазақстанда 15 сәуірге дейін төтенше жағдай. Елдің басым бөлігінде шектеу қойылған. 6 сәуірден бастап Ақтөбе қаласы карантинге жабылады.

Вирус жұқтырған 584 адам мына аймақтарда:

Нұр-Сұлтан қаласы – 219

Алматы қаласы – 116

Шымкент қаласы – 14

Ақмола облысы – 23

Ақтөбе облысы – 11

Алматы облысы – 10

Атырау облысы – 29

Шығыс Қазақстан облысы – 5

Жамбыл облысы – 28

Батыс Қазақстан облысы – 2

Қарағанды облысы – 32

Қостанай облысы – 1

Қызылорда облысы – 37

Маңғыстау облысы – 3

Павлодар облысы – 1

Солтүстік Қазақстан облысы – 25

Түркістан облысы – 28

Abai.kz

2 пікір