Жұма, 29 Наурыз 2024
46 - сөз 7377 10 пікір 4 Сәуір, 2020 сағат 13:56

Дамымай қалғанымызға тәуба!

Дамысақ не болар едік? Құдай оның бетін ары қылсын! Ал, Әмрика құсап дамып кеттің делік, не болар едік? Жер әлемге тәртіп орнатамыз деп балаларың үй көрмей, бірде Априкада, бірде Бетінамда соғысып жүрер еді! Қай жақсылық дейсің?

"Ойбай, демократияның үлгісі біз!" - деп, Нұрлан Еспановты не болмаса Марат Омаровты президент сайлап, әлемге күлкі болар едік. Мынандай қысылтаяң кезде теңгені судай шашып, Итәлиә мен Испаниәға мөшектеп төгер едік. Қазаққа миллиондап беріп, мұрнын шүйіртіп, іргеміз бөлінбеген тату көрші орысқа ожырая, қытайға қырын қарап көңілін қалдырар едік. Масқара ғой!

"Қазақ байыса - қатын алады" "Тоқал" - деген тәтті арманнан айрылар едік. Арман болмағасын муза мүрдем кетеді, шабыт шабандап, мөлдір махаббат, асқақ арман туралы емес, Гәлибод сияқты құбыжық кино түсіріп, жаннан безген кітап жазар едік. Құрсын, беті аулақ, дамымай-ақ қояйық!

Дамыған ел болсақ көше-көше, тау-тасың қаптаған төрис болар еді. Одан не опа табасың? Опа емес оба болар еді! Төрис дегенің босағада тұрып қалмайтын халық. Аты айтып тұр ғой, "төр-ис" - деп. Төр иіскеп үйренген бәле, төріңе де, төбеңе де шығар ма еді? Мына кесел алдымен бізге келер еді! Төризмнің дамымай қалғаны мұндай жақсы болар ма?!

Мына заманауи тықниканың да дамымай қалғаны абырой болды! Қаладағы бала тлипонға шұқшиып дала көрмейді, сол ауылға жетсе не болды? Қой кезекті ойлашы, басқаны былай қойып. Малға кім қарар еді? Жер игермек түгіл әгәрөдің әлем тапырақ болар еді!

Адымдап дамып кетсек мына карантинде үйдегі ұрыс-керіс, онлайын сабақ, 42 мың деген адами қызықтан құр қалар едік. Жүйкең тозбай, пәлитсияның бекетін бұзып, өзін ұрып жықпай, үкіметке кіжінбей өткізген өмірде не сән болады?

Қазір міне, қандай рахат өмір сүріп жатырмыз: аш адамнан адал өнер туады, тлипоннан ән жолдап, балконда кәнсерт қойып, онлайын оқи алмай жылаған баланың видеосына мәз болып, күн сайын қол жуып, сенбі күнін спәлниға, жексенбіде залда, дүйсенбіде детски мен уаннада қыдыре-е-е-еп, бір күн сарымсақ жеп, бір күн имбир шайнап, ертегіге бергісіз күн өткізіп жатырмыз! Ғажап!

Дамымай-ақ қояйықшы, а? 30 елдің қатарынан кетейікші? Карантин біткен күні қуанғаннан қарызға қайта батып, "қалай құтылам?" - деп, ұйқы көрмей, тентіреп, өзбектің пәмидорын жеп, қырғыздың нәски-түрсиін киіп жүрген дұрыс. Дамыған ел болсақ, карантин біте сала шет елдің курортына тұра шауып, тағы бір бәле жұқтырып, елді былғармыз.

Дамыма-а-а-ай тұра тұрайықшы...

Асқар Наймантайдың әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2277
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3594