Жұма, 19 Сәуір 2024
2465 0 пікір 4 Сәуір, 2020 сағат 13:06

Коронавируспен күреске тағы 125 млрд.теңге бөлінеді

Коронавируспен күреске бұған дейін бөлінген 23 миллиард тегеден бөлек тағы 125 миллиард теңге қарастырылады,-деп хабарлайды kaz.tengrinews.

Оның 40 миллион 609 мың 800 теңгесі коронавирус кезінде қызмет ететін денсаулық сақтау саласындағы мамандарына қарастырылған.

19 миллион 509 мың 600 теңге - коронавирустық жұқпасы бар адамдарды және жұғуы мүмкін деген күдікке ілінген адамдарды емдеуге, COVID-19 жаңа коронавирустық жұқпасы бар науқастармен байланыста болғанын адамдарды оқшаулау мақсатында медициналық ұйымдарға медициналық қызметтер үшін;

14 миллион 80 мың теңге - жалпы алғанда 680 орынға арналған Нұр-сұлтан, Шымкент және Алматы қалаларында карантиндік үлгідегі медициналық кешендер салуға;

30 миллион 815 мың 700 теңге - төтенше жағдай кезеңінде халықтың жекелеген санаттарын (АӘК алушылар, оның ішінде 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар, 1-3 топтағы мүгедектер, мүгедек балалар, мүгедек баланы күтумен айналысатын адамдар, ресми тіркелген жұмыссыздар) азық-түлік-тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз етуге. Азық-түлік-тұрмыстық жиынтықпен шамамен екі миллион адам қамтамасыз етіледі;

8 миллион 91 мың 800 теңге - Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен медицина қызметкерлеріне, Ұлттық ұланның және Қарулы Күштердің әскери қызметшілеріне 1 лауазымдық жалақы мөлшерінде сыйақы төлеуге;

4 миллион 58 мың 400 теңге - байланыс қызметтерімен және ведомствоаралық ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;

5 миллион 623 мың 100 теңге - сот медициналық сараптама қызметінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге жұмсалады.

Abai.kz

0 пікір