Жексенбі, 5 Шілде 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 41065. Жазылғандар — 13614. Қайтыс болғандар — 188
46 - сөз 817 1 пікір 2 Сәуір, 2020 сағат 16:53

Алдымен бюджеттегі орынсыз шығындарды қысқартқан жөн

Қабаттаса келген кесапаттар ел экономикасына кері әсер ететіні айдан анық. Билік қарекет жасап-ақ жатыр, бірақ, сол баяғы әдетіне салып ұлттық қорға қол салды.

Дегенмен, алдымен бюджеттегі орынсыз шығындарды тағы бір ревизиялап, қысқартқан жөн еді.

Ұлттық компаниялардың шығыстарын зерттесең, масқара! "Хозтовары" деген бөлімге ғана жүздеген миллион жұмсайды.

ЖССБ-тың PR ға 200 млн аса жұмсағанын шулап жаздық. Ал, дымға керегі жоқ жарнамаға деп биылғы бюджетіне қыруар ақша салып қойған осы банктен басқа қаншасы ба?

Күні кеше Ақтау қаласы көгалдандыру жұмыстарына 800 млн астам қаражат қарастырғанын оқыдым. Жағдай мынадай боп жатқанда (ертең халық ашығады әлі) сол ағаш егу қажет пе?

Одан қалды, бар аймақтардағы "желге ұшып жатқан" - қаңғыбас ит аулауға, маса өлтіруге, тышқан улауға, туған жерге экспедияға шығуға т.б деген сияқты жоспарланған шығындарды кессе де біраз қаражат үнемделер еді.

Сосын үлкен құрылыстарды азайту керек. Әсіресе олардың сметаларын қайта қараған жөн.Әйтпесе, біздің жемқорлар жобасы бірдей екі мектепке екі түрлі смета жасауға шебер. Біреуі 100 млн.тұрса, екіншісі 4-5 млрд.қа барып жатады. 

Тарта жесең тай қалар,

Қоя жесең қой қалар,

Қоймай жесең нең қалар?

Қазір нағыз тарта жейтін кез келді.

Жанахмет Ағыбаевтың әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

1 пікір