Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
46 - сөз 4852 3 пікір 2 Сәуір, 2020 сағат 16:29

Мұнай - «шайтанның азғыруы»

Қазақстандық шенеуніктердің бұрынғысыда, қазіргісіде өздерін мықты саясаткерміз деп санайды. Олар саясат дегенді преферанс ойыны сияқты көреді. Ұлтқа қиын кезде үндемей құтылу, қолдарында билік бар кезде қалтаны толтыру немесе бала-шаға қамын жасап қою, белсенділер шырылдап жатқан кезде, кім жеңеді сонымен бірге боламын деп ақырын күтеді. Қысқасы, преферанс ойны сияқты жүру, тұру арамза адамның тірлігі.

Шын мәнісінде, нағыз саясаткер деген ол - Дулат Ағаділ. Өз мүддесінен халықтың мүддесін жоғары қойды.

Өзгелер ше? Қайдам? Ал жемқорлыққа белшесінен батқандар халықтың жағдайын еш уақытта ойламайды. Оларға дүние төңкеріліп жатсада бәрібір.

Бүгін әлемде мұнай бағасы құлады. 32 долларға дейін түсті. Мұнай бағасының құлауы Қазақстанға үлкен әсер етері белгілі. Мұнай - 'шайтанның азғыруы' екенін түсінбеген шенділерді жауапқа тарту керек. Өйткені біз осы мұнайдың бетіне қарап отырған елміз. Демек олигархтарға тықыр таяды деуге болады. Себебі олардың көбі осы салада жүргендер.

Енді олар қайтпек?

Азаматхан Әміртайдың әлеуметтік желідегі жазбасынан

Abai.kz

3 пікір