Жұма, 29 Наурыз 2024
46 - сөз 5758 3 пікір 1 Сәуір, 2020 сағат 11:54

Имбирь сататын алаяқтарға алданбаңыздар!

Картоп, сәбiз, қырыққабат үшеуiнiң құрамында бар заттар имбирьдiң, лимонның, сарымсақтың құрамындағы заттардан да көп!

Естерiңiзде болсын! Имбирь, лимон, сарымсақ коронавирустi емдемейдi. Бiрақ, құрамында тек организмге қажеттi заттар ғана бар. Олардың құрамындағы бар заттар(витаминдер мен микроэлементтер) сәбiзде де, жаңғақтарда да, аскөктеде, ақжелкенде де, картопта да, пиязда да, алмада да, өрiкте де, мейiзде де, құрмада да, қырыққабатта да, шабдалыда да және тағы басқа көкөнiстiң, жемiс жидектiң бәрiнде бар. Мысалы, картоп, сәбiз, қырыққабат үшеуiндегi заттар имбирьдiң, лимонның, сарымсақтың құрамындағы заттардан да көп.

Ал айранның, сүттiң, қымыздың, шұбаттың, еттiң құрамында организмге керек пайдалы заттар (ақуызды құрайтын амин қышқылдары, майлар, көмiрсутектер) олардан да көп. Ең пайдалысы қой етiнiң сорпасы.

Сол сияқты бидайдың, арпаның, жүгерiнiң, тарының талқанында ақуыз да, көмiрсутек те, майлар да, витаминдер де, макро-, микроэлементтер де көп.
Иммунитеттi көтеруге азық-түлiктiң(ет, сүт, талқан, ботқа), жемiс-жидектердiң, көкөнiстердiң кез келген түрi көмектеседi.

Сондықтан, имбирь, лимон, сарымсақ сататын алаяқтарға алданбаңыздар!

Дәуренбек Мырзашұлының әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1579
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3606