Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Коронавирус 3008 0 пікір 31 Наурыз, 2020 сағат 12:05

Қазақстанда коронавирустан тағы бір адам қайтыс болды

Қазақстанда коронавирустан тағы бір адам қайтыс болды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлімдеді.

Марқұмның Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны екені айтылады.

"Бүгін бір науқас коронавирустан қайтыс болды. Жақындары мен туыстарына көңіл айтамын", - деді Қисықова.

50 жастағы науқас 2020 жылдың 21 наурызында жедел медициналық жәрдем бригадасымен ауруханаға жатқызылған. Бір ай бойы ауырып, медициналық көмекке жүгінбеген. Жұмысы жиі іссапарға шығумен байланысты болған.

Отбасы мүшелері мен жұмыс бойынша қызметкерлер қатарындағы 31 жақын адам ауруханаға жатқызылды. 55 адам байланыста болған, олар үй карантиніне жатқызылды. Сонымен қатар, отбасының екі жақын мүшесінде коронавирустық инфекция тіркелген.

Еске салайық, мұның алдында елімізде коронавирустан 64 жастағы әйелдің қайтыс болғаны хабарланған еді. Кейнірек әйелдің Алматыға құдалыққа барғаны анықталды.

Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 325 адамға жетті.

Abai.kz

0 пікір