Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Әне, көрдің бе? 4583 4 пікір 30 Наурыз, 2020 сағат 16:20

Қазақстан қай мемлекеттерден дәрі-дәрмек сатып алуда?

Қазіргі таңда Қазақстанды дәрі-дәрмекпен қай елдер қамтамасыз етіп отыр?  LS сайты аталған тақырыпта зерттеу жариялапты. 

Сайт мәліметінше, өткен жылы Қазақстандағы дәрі-дәрмек импортының жалпы көлемі 884,5 миллион долларды құраған екен. Ал, импорттаушы елдердің көш басында Германия мен Ресей тұр. Сондай-ақ, елімізге Франциядан, Италиядан, Испаниядан және Польшадан да дәрілік өнімдер жеткізілген.

Сонымен Қазақстан қазір қай мемлекеттерден дәрі-дәрмек сатып алып отыр? Олардың жалпы құны қанша? Біле жүріңіз:

Германия - 163,9 миллион доллар,

Ресей - 84 миллион доллар,

Франция - 60,3 миллион доллар,

Италия - 48,2 миллион доллар,

Испания - 36,2 миллион доллар,

Польша - 33,3 миллион доллар,

Словения - 28,7 миллион доллар,

Түркия - 28,2 миллион доллар,

АҚШ - 25,2 миллион доллар,

Швейцария - 22,3 миллион доллар,

Венгрия - 20,7 миллион доллар,

Нидерланды - 18,6 миллион доллар,

Украина - 18,1 миллион доллар,

БАӘ - 18,1 миллион доллар,

Ирландия - 16,6 миллион доллар,

Бельгия - 15,7 миллион доллар.

Айта кетейік, елімізде дәрі-дәрмек өндірісі негізінен үш өңірде орналасқан. Олар Шымкентте (АО «ХимФарм» (Santo), Алматыда  (АО «Нобел АФФ» (Nobel) және Алматыда облысында.

Abai.kz

4 пікір