Сейсенбі, 16 Сәуір 2024
2638 0 пікір 30 Наурыз, 2020 сағат 10:17

ХВҚ басшысы: әлемдік экономикада рецессия басталды

Халықаралық валюта қорының басшысы Кристалина Георгиеваның мәлімдеуінше, коронавирус салдарынан әлемдік экономикада рецессия басталды. Қор басшысы әлем елдерін нарықта дефолт пен банкротқа ұрынбау үшін "өте ауқымды" бағдарламалар қабылдауға шақырды.

Болгар экономисі Георгиеваның мәлімдейінше, экономикасы енді дамып келе жатқан елдерге дағдарыстан шығу үшін кем дегенде 2,5 триллион доллар қажет болады. COVID-19 пандемиясынан әлемде 27 мыңнан астам адам қайтыс болды.

Георгиева Халықаралық валюта қоры саясатын айқындау жөніндегі топқа мүше 24 елдің өкілдерімен бірге телефон көмегімен конференция өткізді.

"2009 жылдағыдай аса қиын рецессия басталғаны бәріне мәлім. Жағдай одан да қиын болуы мүмкін", - деді Георгиева.

Ол дамушы елдерді бұдан да ауыр қиыншылық күтіп тұрғанын ескертті. Оның айтуынша, әлемнің 81 елі қордан қаржылай көмек сұраған.

Abai.kz

0 пікір