Жұма, 29 Наурыз 2024
2970 1 пікір 29 Наурыз, 2020 сағат 14:27

Елордаға соңғы тәулікте үш рейспен 274 адам келді

Соңғы тәулікте елордаға тағы үш рейспен 274 адам келді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, Нұр-Сұлтанға бүгін тағы 4 рейс келеді деп күтілуде.

«Өткен тәулікте Нұр-Cұлтан қаласының бас санитарлық дәрігерігерінің шешімімен 2 нысан мен 1 жатақхана карантинге жабылды. Сондай-ақ, елордаға халықаралық әуежай арқылы келгендерді оқшаулар жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Осы кезге дейін 18 рейспен жұмыс істедік. Соңғы тәулікте тағы 3 рейспен 274 адам келді. Олардан зертханалық тексеру үшін сынама алынды. Нәтижесін күтудеміз. Бүгін тағы 4 рейс келеді деп күтілуде»- деді Сәуле Қисықова онлайн брифингте.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1565
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2260
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3541