Сенбі, 20 Сәуір 2024
Коронавирус 2914 9 пікір 29 Наурыз, 2020 сағат 11:34

Коронавирус жұқтырғандар саны 251-ге жетті

Елімізде тағы 22 адамнан коронавирус анықталды. 16 адам - Нұр-Сұлтан қаласында, 4 адам Алматыда және Атырау мен Қызылорда да 1 адам тіркелген, - деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Соңғы мәлімет бойынша, аталған вирусты жұқтырғандар саны 251 адам болды.

Нұр-Сұлтан қаласында – 151

Алматы қаласында – 64

Қарағанды облысы – 7

Шымкент қаласында – 2

Ақмола облысы – 6

Алматы облысында – 4

Ақтөбе облысында – 1

Атырау облысында – 6

Шығыс Қазақстан облысы – 2

Жамбыл облысында – 3

Қызылорда облысы – 2

Павлодар облысында – 1

Солтүстік Қазақстан облысында – 1

Маңғыстау облысы – 1

Айта кетейік, вирус жұқтырған 18 адам жазылып шыққан. Олардың 13-і Нұр-Сұлтанда, 5-еуі Алматы қаласында.

Abai.kz

9 пікір