Жұма, 19 Сәуір 2024
3645 10 пікір 28 Наурыз, 2020 сағат 10:46

Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды

Президент Тоқаевтың Жарлығымен Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды,- деп хабарлайды akorda.kz.

Мемлекет басшысының Жарлығында:

Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалсын,- делінген хабарламада.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қуанышбек Досмайылұлы Ысқақов Қызылорда облысының әкімі қызметінен босатылды.

Айта кетейік, кеше әлеуметтік желіде Қызылорда облысының әкімі болған Қуанышбек Ысқақовпен қасындағы серіктерінің ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Алайда, аталған жайта қатысты ІІМ мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ресми жауап бермеді.

Ол 2019 жылдың маусым айында Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалған болатын.

Abai.kz

10 пікір