Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
2570 1 пікір 26 Наурыз, 2020 сағат 12:29

Өзбек ғалымдары коронавирусты анықтайтын әдіс ойлап тапты

Өзбекстанда ғалымдар COVID-19 коронавирусын анықтайтын әдіс ойлап тапты. Төл тест әдісін дайындауға бір ай кетті. Бұл туралы республиканың денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Жұқпалы вирустың бар-жоғын анықтауға шамамен 5-6 сағат кетеді. Бұл - экспресс-тест емес, толық мәлімет беретін сынақты арнайы зертханада ғана жүргізу керек.

Өзбекстанда 60 адам коронавирус жұқтырған.

Санитарлық эпидемиологиялық бақылау мемлекеттік инспекциясының басшысы Нұрмат Отабеков "коронавирус жұқтырған 15 адам пневмонияға шалдыққанын, төртеуінің жағдайы ауыр" екенін хабарлады.

Республикада шетелге шықпаған, басқа елден келгендермен араласпаған бір тұрғыннан коронавирус анықталды.

"20 жастағы қыз Ташкентте тұрады. Оның өзі де, анасы да шетелге шықпаған. Бірақ ол жұқпалы кеселді қоғамдық көлікте немесе жұмыс кезінде көпшілік бірге қолданатын заттан жұқтырып алған. Науқастың отбасы мүшелері вирус жұқтырмаған", - бас санитар дәрігер Бахром Алматов.

Abai.kz

1 пікір