Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
1907 0 пікір 26 Наурыз, 2020 сағат 11:37

Ресей Конституцияның өзгеруін дауысқа салуды кейінге қалдырады

Ресей президенті Владимир Путин Конституцияның өзгеруін дауысқа салуды кейінге қалдыратынын айтты. Мемлекет басшысы 25 наурызда президенттік төрт мерзімде он екінші мәрте ұлтқа телеүндеу жолдады.

Ол тұрғындарға, шағын және орта кәсіпке жеңілдік беріп, байлардың салығын өсіруге уәде берді. Үндеу мәтіні Кремль сайтында жарияланды.

Путин Конституцияның өзгеруін дауысқа салуды 22 сәуірде кейінге шегеру қажеттігін айтты. Мұндай шешімге коронавирус пандемиясы себеп болды. Дауысқа салудың қашан өтетінін ол айтпады.

Мемлекет басшысы азаматтарға, жекеменшік кәсіпорындарға несие демалысын жариялауға уәде берді. Шағын және орта кәсіп өкілдері салықтың барлық түрін алты ай кешіктіре алады.

Ресейде коронавирус жұқтырғандар көбейіп барады. Бұрын күнде 50-60 адам вирус жұқтырса, енді бір тәулікте шамамен 160 адам қатерлі кеселге шалдығып жатыр. Олардың дені Мәскеуде тұрады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3513