Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
46 - сөз 2600 17 пікір 25 Наурыз, 2020 сағат 12:05

«Қазақы терминді халық жасайды»

Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаев қазіргі әлемді жайлап отырған індеттің кесірінен болып отырған дағдарысты жағдайда қол қусырып отырмай, карантин жағдайында да белсенді болуға үндеп отыр. Бұл өте маңызды. Уақытша шараның салдары елге оңай тимегенімен, ұлт рухын түсірмеуге тиіс. Біз бұл орайда осындай әр шаңырақта төрт көзіміз түгел отырғанда отбасымызбен кейбір ұлттық құндылықтарды дамытуға үлес қоса аламыз.

Бүгін маған белгілі мемлекет, қоғам қайраткері, ұлтжанды азамат Әлихан
Бәймен хабарласты. Қазақтың тілдік қорын байыту, тіл тазалығы мен сәтті терминдер жасауға қатысты ойын айтты. Біраз азаматтармен ақылдасыпты.
Мен оған өз тарапымнан төмендегі ойлар мен ұсыныстарды қоса аламын.

Өмір өркениетпен бірге дамып отырады. Сол өркениетпен бірге әртүрлі зат келеді, техника, технология, қызмет түрлері пайда болады. Мысалы Ислам дінінің ықпалымен келген қаншама сөздер тілімізге сіңісіп кетті. Бірақ біз оларды тура арабша көшіріп алғамыз жоқ. Қазақыландырдық. Кейбірін қазақта бар сөзбен атадық. Кейін парсы, орыс мәдениетінің үстем тұсында да көп сөз келді. Кеңес үкіметі тұсында ғылым мен білімнің, мәдениеттің сан саласы арқылы қаншама сөз қолданысқа енді. Оның дені халықаралық терминдер болса, көбі қазақша балама табуға болатын орысша, атаулар. Бұл тұрғыда Тіл комитеті терминдер мен сөзжасамда үлкен жұмыстар атқарды. Десе де тіл тірі организм ретінде күнде дамып, терминдер ескіріп, жаңасы пайда болып отырады. Бұл - заңдылық. Жаһандық дамудың соншалықты тез жүріп жатқаны сондай, әр жаңа құбылыс, зат пайда болған сайын оның атауы да күнде жаңарып жатыр. Егер соның бәрін сол өзге елдің тілінде сіңіре берсек енді жүз жылдан соң қазақ өз тілін танымай қалуы мүмкін. Сондықтан да бізде термин жасау, әр заттың атауының қазақша баламасын табу, бекіту мәселесі үздіксіз әрі ғылыми негізде жүріп жатыр.

Бұл орайда әр азаматтың сөз жасамға үлес қосуының маңызы зор. Әлекеңнің бұл бастамасын Тіл комитеті қолдайды. Бастама аяқсыз қалмауы үшін, және тілге шынайы пайдасы тиюі үшін Тіл комитеті бұл шараға байланысты "Қазақы терминді халық жасайды" деген конкурс жариялайды. Онда барша қазақстандықтарға "Сіздіңше қай сөздің баламасы жоқ?Қазақша қалай атар едіңіз?" деген сауал қойылып, жұрттан түскен ұсынысты арнайы конкурстық комиссияда қарап, сәтті балама тапқан азаматтардың атын атап, жеңімпаз деп танитын боламыз. Оның шарттары мен талаптары жасалып, таныстырылатын болады. Бір сөзбен сәтті термин жасауға бар халық, әр қазақ қатыса алады.

Тіпті, қазірден бастасаңыз да болады. Егер қандай да ұсынысыңыз болса менің осы парақшама жазыңыз немесе мына адреске (bakytgul.iskakova@mail.ru ) жіберіңіз.

Әділбек Қаба 

Abai.kz

17 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1559
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2249
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3499