Жұма, 7 Тамыз 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 96922. Жазылғандар — 70680. Қайтыс болғандар — 1058
884 0 пікір 25 Наурыз, 2020 сағат 11:09

Елімізде көктемгі әскерге шақыру науқаны тоқтатылды

24 наурызда Қазақстан ақпарат және қоғамдық келісім министрі Дәурен Абаев брифингте елде көктемгі әскерге шақыру тоқтатылғанын мәлімдеді.

Дегенмен Қазақстанның қорғаныс министрлігі көктемгі әскерге шақыру науқаны жүріп жатқаны туралы мәліметті сайтында жариялады. Онда көктемгі науқан маусым айына дейін жалғасатыны айтылған.

Қазақстанда жастарды әскер қатарына қабылдау 6 наурызда басталған. Қорғаныс министрлігі осы уақытқа дейін әскерге қанша адам қабылданғанын хабарламады. Күзгі науқан қыркүйекте басталып, желтоқсанда аяқталады.

24 наурыздағы дерек бойынша, Қазақстанда коронавирус жұққандар саны 72 адамға жетті. Карантинге өткен Нұр-Сұлтан мен Алматыдан бөлек, Қарағанды қаласы және Алматы облысы Қарасай ауданында, Ақтөбе облысында және Шымкент қаласында, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында коронавирус табылды.

Қазақстан 16 наурыздан бастап вирусқа байланысты төтенше жағдай режиміне көшкен.

Abai.kz

0 пікір