Сенбі, 20 Сәуір 2024
3592 0 пікір 24 Наурыз, 2020 сағат 19:21

Токио Олимпиадасы 2021-ші жылға шегерілді

COVID-19 пандемиясына байланысты Халықаралық Олимпиада Комитеті Жапония үкіметімен кездесуден кейін,Токио Олимпиадасының уақытын өзгерту туралы шешім қабылдады. 

Коронавирустық пандемияға байланысты Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) Токиода 24 шілде мен 9 тамыз аралығында өтетін Олимпиаданы шамамен бір жылға кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады. Шешім 24 наурыз, сейсенбіде Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ мен ХОК басшысы Томас Бахтың телефон арқылы сөйлесуінен кейін қабылданды. Абэнің айтуынша, ол ХОК басшысының бұл ұсынысын 100 пайыз қолдағанын айтты.

Бұған дейін Германия, Норвегия, Испания, Жаңа Зеландия, АҚШ, Франция және басқа елдердің ұлттық олимпиадалық комитеттері Ойындарды өткізуді кейінге қалдыруға шақырған болатын.Тек, Германия Олимпиаданы өткізуді қолдады. Неміс саясаткерлері ХОК-тың 2020 жылғы Олимпиада ойындарына қатысты тактикасын сынға алған болатын.

23 наурыз, дүйсенбіде Канада Ұлттық Олимпиада комитеті COVID-19 пандемиясына байланысты 2020 жылы ойынға өз спортшыларын жібермейтінін мәлімдеген.

Сонымен қатар, Австралия ұлттық олимпиада комитеті спортшыларына 2021 жылдың жазында өтетін Олимпиадаға дайындалуға кеңес берді.

Abai.kz

0 пікір