Дүйсенбі, 30 Наурыз 2020
46 - сөз 1081 2 пікір 23 Наурыз, 2020 сағат 13:04

Үйден шықпау - сақтанудың жалғыз жолы!

Қонақ шақырып, қонаққа барып, "Құдай сақтасын!"- деп қойып, жайбарақат немесе тіпті сорақысы, ерегісіп жүргендер!

Сонда бүкіл әлемнің елдері жынды боп кетті ма? Карантин жариялап, әдейілеп жұмысты тоқтатып, экономиканы әдейілеп құлдыратып жатыр ма?
Айналайындар-ау! Карантиннің ертерек аяқталғаны кімге тиімді емес?!
Қаншама ақшасын күнделікті тауып жүргендер ақшасыз қалды, қарыздары мен кредиттері үсті-үстіне жамалып жатыр. Бірақ амал жоқ! Үйде отырудан басқа амал жоқ! Және, үйден шықпау, үйде отыру- өзіңізді де, айналаңыздағы адамдарды да аурудан сақтап қалудың ЖАЛҒЫЗ жолы!

Айталық, сіз нан алып келуге дүкенге шықтыңыз делік. Бетіңізде маска да бар, мұрын қуысына оксолин мазін де жағып шықтыңыз, бірақ қолыңызға резеңке қолғап қиген жоқсыз. Шықтыңыз да, жолда келе жатып, шарбақты немесе периланы бір қолыңызбен ұстадыңыз. Сол периланың жанында науқас адамның түшкірмегеніне немесе сол шарбақты қолымен ұстамағанына кепіл бола алмайсыз ғой?! Немесе,жүріп келе жатып, жолда вирустың жатпағанына көзіңіз жете ме?

Мейлі, қоғамдық көлікпен жүрмей-ақ қойыңыз, такси шақырттыңыз делік.Ал таксиде сіздің алдыңызда кім отырғанын қайдан білесіз?!
Салғырт қарамаңыз! Бұл жауапсыздықты білдіреді. Тіпті, бұл қылмыс!
Вирус үш тәулікке дейін өлмейді екен және ауру тасушыда симптомдар бірден білінбейді, яғни жұқтырушы өзін аурумын деп есептемейді, жан жағындағылар қауіптенбейді.

Сіз өзіңіз үшін емес, көршіңіз, айналаңыздағы адамдар үшін, тіпті ел үшін жауаптысыз!!!

Айгүл Бажанованың әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

2 пікір