Жұма, 19 Сәуір 2024
Әне, көрдің бе? 12946 40 пікір 22 Наурыз, 2020 сағат 14:39

Қаңғып келген шүрегей, елге пана болмайды...

Өзбекте туып, қазақта кәсіп бастап, Бельгиядан азаматтық алған әйгілі дәу дөкей Патох Шодиев коронавируспен күресу үшін Өзбекстанға қыруар қаржы бөліпті. Өзбек ақпараты алақайлап жазып жатыр екен.

Сайт мәліметінше, Шодиевтің халықаралық қоры (ICF) Өзбекстан үкіметімен бірлесе отырып, әлеуметтік осал топтарға коронавируспен күресуге көмек көрсетеді. Қазір Шодиев Қоры (ICF) үкіметтің вирусқа қарсы күресіне қосылып, кең ауқымды қайырымдылық бағдарламасын бастап кеткен. Кейбір мәліметтерде 200 миллион доллар бөлгені айтылады.

Өзбекстан әділет министрлігімен бірлесіп жүзеге асырылатын бұл істің  бірінші кезеңіне - бүкіл ел бойынша қарт адамдар мен аз қамтылған  отбасыларды тамақ және дезинфекциялық құралдармен қамтамасыз ету кіреді екен.

- Өзбекстанның ақылды да мықты халқы бұрын-соңды болмаған бұл қиындықты жеңетініне күмән жоқ. Халықаралық Шодиев Қоры бүкіл елде коронавирустың таралуына қарсы тиімді қолдау көрсету үшін бар күшін салады, - деп пікір білдіріпті әлгі Шодиев қоры.

(Қазақстандық үш миллиардер: А.Ибрагимов, А.Машкевич, П.Шодиев)

Патох Шодиев - Өзбекстанда туған. Совет одағы ыдыраған тұста қазаққа келіп кәсіп бастаған. Әділжан Ибрагимов, Александр Машкевич үшеуі бірігіп «Eurasian Resources Group (ERG)» деген алып корпорация құрған. Бұл корпорация әлемдік масщтабтағы әртараптандырылған топ. Ол тау-кен өндірісіндегі табиғи минералдарды тауып, оны игерумен айналысатын әлемнің алдынғы қатарлы корпорациясы. Сондай-ақ, энергетика, транспорт және маркетинг саласында да қомақты үлесі бар.

Әлеуметтік желідегі тағы бір ақпаратта 2002 жылдың шілде айында Лакшми Миттал фирмасымен сыбайласа отырып, Қазақстанның металлургия комбинатын өз қолына біржола алды, деп жазылған екен. Қазір Александр Машкевичпен іскерлік байланыста көрінеді. Жылдық табысы – 3,7 миллард доллар көлемінде. Шодиев қазір Бельгия азаматтығын алған.

Қазақстанның «Барыс», «Құрмет» ордендерімен марапатталған.

Ерлан Саировтың әлеуметтік желідегі жазбасы:

- Патох Шодиев қоры Өзбекстан халқына коронавируспен күресуге көмектеседі. Ол өз (өзбек) халқының нағыз патриоты. Қазақстан арқылы байығандар Өзбекстанға көмектеседі. Қазақстан халқын құттықтаймыз!
Біз әлемге арзан шикізат қосымшасы болып қана қоймай, сонымен қатар көршілеріміз үшін тегін ақша пакетіне айналдық. Ол Қазақстан халқына қанша береді? Бұл туралы ҚР заңы не дейді?...

Мұхтар Түменбайдың әлеуметтік желідегі жазбасы:

- ІІІ дәрежелі «Барыс», «Құрмет» ордендерінің иегері Патох Шодиевтің коронавируспен күресу үшін көмек ретінде Қазақстанға емес, Өзбекстанға қаржы бөлуі - бұл Қауіпсіздің Кеңесі төрағасының үндеуін пысқырмағандық. Гастарбайтер - ол Африкада да гастарбейтер. 

Бақытгелді Ниязбековтың әлеуметтік желідегі жазбасы:

- Шодиев Өзбекстанған қанша уәде етсе, бізге де сонша берсін! Әйтпесе, оның мүлкін кәмпескелеу керек!

Abai.kz

40 пікір