Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2761 0 пікір 5 Қазан, 2011 сағат 12:27

Аслан. …Енді қытайларға құлдық ұратын болдық па?!

Бүгінде қытайлардың жүрмейтін жері жоқ. Алып ел Американың өзінде «Shaina taune» қалашығы салынып, құрама штатқа қытайлар да билігін жүргізе бастады. Ресми көрсеткіш бойынша, қытай халқы жер бетіндегі халықтың алтыдан бір бөлігін құрайды. Қытайтанушы ғалымдардың пайымдауларына қарағанда, Қытайдың жалпы табиғи ресурстары 2 миллиард адамды қамтамасыз етуге ғана жетiп, одан кейiн өз мүмкiндiгiн сарқа беретiн көрiнедi. Осындай бiр тықырдың таяп келе жатқанын Қытайдың өзi де жоққа шығармайды. Су көздерi тартылып, орман сиреп, жайылымдар азып, егiстiк алқаптар уланып, экологиялық апат төне бастағаны хақында өздерi де дабыл қағып жатыр...

Бүгінде қазақ баспасөзі беттеріндегі Қытай еліне, халқына қатысты жарияланып жүрген мақалалардың бірқатарына зер сала үңілсек, хансу халқын үлгі тұтып, оларды жақсы жақтарынан көрсету айрықша белең алып бара жатқандай көрінеді. Басқалай айтқанда, ешкім сұрамай-ақ, қытайлардың жағымды бейнесін қалыптастыруға бел шеше кірісіп кеткен тәріздіміз. Шынымен де, қытайлардың еңбекқор, көздеген мақсаттарына жетпей қоймайтын қайсарлығы бар. Дегенмен, менің ойымша, олар осы мақсаттарымен-ақ, талай елді соғыссыз-ақ «жаулап» алатындай. Ғаламторды ақтарып отырып, хансулардың ауа жайылуы жайында қызықты һәм қорқынышты деректерді кездестіресің. Мәселен, қытайлар Индонезия елін қарусыз-ақ «басып алған». Ондағы шағын және орта бизнес - хансулардың еншісінде. Сол секілді Малайзия, жалпы Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің бірқатарында қытайлар қаптап кеткелі қай заман?!
Бұрын-соңды сырттан келіп жатқан қытайларға сергек санамен қарайтынбыз. Ал қазір болашақ «қытай экспансиясына» мойынсына бастағандаймыз. Жаппай қытай тілін үйренуге кірістік, тіпті кейбір болашақты «болжағыш» кісілер балаларын Қытайдағы мектепте оқытып жатыр. Қысқасы, арғы беттегі қазақтарды көшіріп алудың орнына, өзіміз жаппай «қытайлануға» бет бұра бастадық...
Отандық бұқаралық ақпарат құралдары Қытай экономикасын, ондағы оқып жатқан қазақ жастары туралы айта отырып, Аждаһа елін Алаш жұртына құдандалық түгілі, түбі бір туысқанға айналдыру шаруасына бел шеше кіріскендей көрінеді де тұрады!
Бар халықпен, оның ішінде көршілерімізбен жақсы қарым-қатынаста болуымыз керек. Бұл - басы ашық мәселе. Алайда, ең алдыңғы қатарда Алаш мүддесі тұрғаны абзал. Ендеше, қытай болмысын тым жақсы тұрғыда көрсетуге деген бүгінгі шектен тыс әуестенушілік ертеңгі сорымызға айналмаса болғаны!
Қысқасы, қытайларды өзімізге үлгі етеміз деп жүріп, ұрынып қалмасақ жарады... Басқаларды тым жарнамалап, тағылым аларлық деңгейге көтере бергеніміз - рухымыздың осалдығын білдіреді. «Орыс» болып көрдік қой, содан сабақ алатын кез болды емес пе?! Ендеше, ешкімге де бас ұрмай, бір сәт қазақ болуды ойлағанымыз дұрыс-ау!

«Нұр Астана» газеті

0 пікір